«АлЭС» АҚ нысанын аралау барысында Нұрлан Жақыповқа ЖИ жоба — өнеркәсіптегі қауіпсіздікті бейнебақылаудың зияткерлік панелі таныстырылды
1041
05 Қаңтар 2026
Жүйе нақты уақыт режимінде нысандарда қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау талаптарының сақталуын бақылайды. Атап айтқанда: қорғаныш каскаларының болмауын, қызметкерлердің қауіпті аймақтарда болуын, күмәнді заттарды, апаттық жағдайлардың белгілерін (түтін, от, бу) анықтайды.

Компания нысандарында қазірдің өзінде 1500-ден астам бейнекамера орнатылған, тағы 400 данасын орнату жоспарланып отыр. Жүйе тиімді екенін дәлелдеді: алғашқы айлардан-ақ оның көмегімен 100-ден астам ереже бұзу жағдайлары анықталған.
Аталған шешім - өндірістегі жарақаттануды азайтуға және апаттардың алдын алуға бағытталған проактивті құрал. 2026 жылы жобаны одан әрі дамыту көзделіп отыр: хабарландыру және байланыс жүйелерін, сондай-ақ көліктегі бейнетіркегіштерді интеграциялау жоспарланған.

{{ $t('messages.news1') }}
Астанада «Самұрық-Қазына» тобының 500-ге жуық қызметкері сенбілікке шы...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Digital Cooperation Organizati...
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов профессор Олаф Гротпен кездесті
{{ $t('messages.news1') }}
70-тен астам жоба: «Самұрық-Қазына» Қор тобында жасанды интеллектіні ж...