Бейжіңде «Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов SANY Renewables директорлар кеңесінің төрағасы Ли Цянмен кездесті
945
26 Қаңтар 2026
Тараптар Жамбыл облысында жел энергетикасына арналған бөлшектерді локализациялау зауыты бойынша бірлескен жобаның іске асырылу барысын талқылады. Зауыттың техникалық ашылуы қыркүйекте Мемлекет басшысының қатысуымен өткен еді.
Жоба ісі сенімді түрде алға басып, алғашқы тапсырыстар да түсті.
Бұл - Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері саласындағы ең ірі индустриялық жобалардың бірі. Ол заманауи өндірісті, технологияларды нақты локализациялауды және жетекші халықаралық энергетикалық компаниялар тарапынан расталған коммерциялық тапсырыстарды қамтиды. Зауыттың қуаттылығы — жылына 2 ГВт.
Тараптар жоба бойынша жұмыстардың айтарлықтай ілгері жылжығанын айтып, серіктестікті әрі қарай жалғастыруға дайын екендерін растады.
SANY Renewables — жаңартылатын энергетика жабдықтарын өндіруден әлемдік көшбасшылардың бірі саналатын SANY Group компаниясының еншілес ұйымы.
{{ $t('messages.news1') }}
Астанада «Самұрық-Қазына» тобының 500-ге жуық қызметкері сенбілікке шы...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Digital Cooperation Organizati...
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов профессор Олаф Гротпен кездесті
{{ $t('messages.news1') }}
70-тен астам жоба: «Самұрық-Қазына» Қор тобында жасанды интеллектіні ж...