«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Қытайда ZTE Corporation президенті Сю Цзыянмен кездесті
1148
26 Қаңтар 2026
Тараптар 5G, жасанды интеллект және цифрлық трансформация саласындағы стратегиялық серіктестік пен жоғары технологиялық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Сондай-ақ, «Қазақтелеком» және Kcell-мен бірлескен жобалар арқылы ZTE компаниясының Қазақстанның телекоммуникация инфрақұрылымын дамытуға қосқан үлесі, соның ішінде ұялы және тіркелген желілер, талшықты-оптикалық шешімдер мен 5G жабдықтары жайлы айтылды.
Кездесу тараптардың бірлескен жобалардың ауқымын кеңейтуге және серіктестікті нығайтуға өзара қызығушылықтары барын растады.
ZTE Corporation — телекоммуникация жабдықтары, байланыс жүйелері және ұялы құрылғылар өндірісімен айналысатын Қытайдың ірі мемлекеттік компаниясы.

{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов Алматыдағы ЖЭО-2 және ЖЭО-3 нысандарын жаңғырту барысым...
{{ $t('messages.news1') }}
Алматыда «Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Smithsonian Folklife ...
{{ $t('messages.news1') }}
Жаңартылған Қастеев музейі: арт-зертхана, цифрлық тур және ауқымды көр...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» корпоративтік басқаруды дамытуға қосқан үлесі үшін ма...