Қазақстан критикалық минералдар бойынша жаһандық индустриядағы орнын нығайтуда
1404
13 Ақпан 2026
Қордың портфельдік компаниясы — «Тау-Кен Самұрық» және Cove Kaz Capital Group LCC (Cove Capital) критикалық минералдар саласындағы стратегиялық инвестициялық жоба бойынша транзакциялық құжаттар топтамасына — Сатып алу-сату шартына (SPA) және Құрылтай шартына (FA) қол қойды. Құжаттарға қол қою рәсіміне «Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов қатысты.
Жоба аясында Қазақстанда Солтүстік Қатпар және Жоғарғы Қайрақты кен орындарында вольфрамды терең өңдеу өнімдерінің жоғары технологиялық өндірісін құру көзделген. Шамамен 2 мың жаңа жұмыс орны ашылады. Cove Capital жобаны дамытуға кемінде 1,1 млрд АҚШ долларын инвестициялауға міндетті.

«Солтүстік Қатпар» жобасы аммоний паравольфраматы өндірісін құруға бағытталған. Бұл — қосылған құны жоғары, әлемдік нарықта сұранысқа ие металлургиялық өнім.
Қаржыландырудан бөлек, жоба бойынша стратегиялық серіктес заманауи өндіру, өңдеу және байыту технологияларын әкеліп, сондай-ақ дайын өнімді сыртқы нарықтарға шығаруды, соның ішінде АҚШ Үкіметімен оффтейк-келісімшарттар жасауды қамтамасыз етеді.
Жобаны іске асыру Қазақстанның критикалық минералдардың жаһандық жеткізу тізбегіндегі позициясын күшейтіп, шикізатты терең өңдеуді дамытуға және елдің өнеркәсіп саласына тікелей шетелдік инвестицияларды тартуға серпін береді.

{{ $t('messages.news1') }}
Астанада «Самұрық-Қазына» тобының 500-ге жуық қызметкері сенбілікке шы...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Digital Cooperation Organizati...
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов профессор Олаф Гротпен кездесті
{{ $t('messages.news1') }}
70-тен астам жоба: «Самұрық-Қазына» Қор тобында жасанды интеллектіні ж...