Семейде «Самұрық-Қазына» қолдауымен заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынады
464
16 Сәуір 2026
Қор басшысы Нұрлан Жақыпов пен облыс әкімі Берік Уәли құрылыстың капсуласын салды.
Жалпы ауданы шамамен 2 мың шаршы метр болатын екі қабатты кешенде әртүрлі спорт түрлеріне арналған залдар, 100 көрерменге арналған трибуна, жаттығу залы және басқа да бөлімдер қарастырылған. Жобаны іске асыруға шамамен 1,6 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр.

Қазіргі уақытта «Самұрық-Қазына» қорының қолдауымен ел бойынша ашылған 19 ірі спорт нысаны жұмыс істеп тұр және аталған кешендерде 700 мыңнан астам адам спортпен айналысуда. Биыл мұндай кешендер Ақтөбе, Арқалық және Қонаев қалаларында да бой көтереді.
«Соңғы 8 жылда Абай облысында 19 әлеуметтік жоба жүзеге асырылды. Олардың ішінде балаларға арналған 2 оңалту орталығы, инклюзияны қолдау кабинеттері, зағиптарға арналған арнайы кітапхана, спорт алаңдары және өзге де нысандар бар. Семейдегі жаңа кешен болашақ чемпиондарды тәрбиелеп, өңірдегі бұқаралық спорттың дамуына серпін береді деп сенемін», – деді Нұрлан Жақыпов.

{{ $t('messages.news1') }}
Дербес қорлар енді жай ғана инвестор емес, жаһандық тұрақты трансформа...
{{ $t('messages.news1') }}
ҚТЖ теміржол желісін дамытып, жылжымалы құрамды жаңартып жатыр
{{ $t('messages.news1') }}
ҚТЖ-ның үш реттік листингісімен IPO-сын 2026 жылы өткізу жоспарланып о...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» АҚ мен National Mining Corporation Kenya (NAMICO) Кен...