«Самұрық-Қазына» мен Oman Investment Authority Инвестициялық серіктестіктің негізгі шарттары туралы келісімге (Heads of Terms) қол қойды
650
24 Сәуір 2026
Аталған келісім капитал тартуға, бірлескен жобаларды іске асыруға және Қазақстан мен Оман арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтуға ықпал етеді.
«Самұрық-Қазына» АҚ мен Оманның әл-ауқат қоры — Oman Investment Authority қол қойған Негізгі шарттар туралы келісімге (Heads of Terms) тараптардың инвестициялық ынтымақтастықты дамыту ниеттерін бекітеді. Тараптар экономиканың негізгі салаларында Қазақстан мен Омандағы жұмыс істеп тұрған компаниялар мен жобаларға инвестиция салуды жоспарлап отыр.
Келісімде өзара іс-қимыл бірлескен инвестициялық платформа, бірлескен кәсіпорын, инвестициялық қор құру немесе өзге де әріптестік форматтары арқылы жүзеге асырылуы мүмкін екені көрсетілген.
Құжатқа «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен Oman Investment Authority президенті Абдулсалам бин Мұхаммед Әл-Муршиди қол қойды. Қол қою рәсімі Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі мен Оман Сұлтандығының тақ мұрагері, Жоғары мәртебелі Сайид Тейязин бин Хайсам Әл Саидтың қатысуымен өтті.
«Бұл қадам екіжақты инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді. Біз өнеркәсіп, денсаулық сақтау, энергетика, тұтыну секторы, логистика және тау-кен сияқты негізгі бағыттар, сондай-ақ өзара қызығушылық тудыратын басқа да стратегиялық салалар бойынша Қазақстан мен Омандағы перспективалы жобалар мен жұмыс істеп тұрған компанияларға бірлесіп инвестиция салуды жоспарлап отырмыз», — деді «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов.
Oman Investment Authority президенті Абдулсалам бин Мұхаммед Әл-Муршиди бұл келісімді OIA-ның әл-ауқат қорларымен және халықаралық инвестициялық ұйымдармен сапалы серіктестік құру жолындағы стратегиялық қадамы деді. Айтуынша, бұл — Оман компаниясының осындай ұйымдармен орнатқан он бірінші стратегиялық серіктестігі.
«Самұрық-Қазына» АҚ — Қазақстанның ұлттық әл-ауқат қоры, экономиканың негізгі салаларында жалпы құны 88 млрд АҚШ долларынан асатын активтерді басқарады (активтер көлемі бойынша әлемде 21-орында).
Oman Investment Authority (Оман инвестициялық басқармасы) — Оман Сұлтандығының әл-ауқат қоры. 50 млрд АҚШ долларынан асатын активтерді басқарады.
{{ $t('messages.news1') }}
Дербес қорлар енді жай ғана инвестор емес, жаһандық тұрақты трансформа...
{{ $t('messages.news1') }}
ҚТЖ теміржол желісін дамытып, жылжымалы құрамды жаңартып жатыр
{{ $t('messages.news1') }}
ҚТЖ-ның үш реттік листингісімен IPO-сын 2026 жылы өткізу жоспарланып о...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» АҚ мен National Mining Corporation Kenya (NAMICO) Кен...