«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Италияның Maire Tecnimont компаниясының президенті Алессандро Бернинимен кездесті
451
22 Маусым 2026
Тараптар ағымдағы бірлескен жобалардың орындалу барысын талқылады. Қазіргі уақытта Tecnimont екі ірі газ-химия жобасында EPC-мердігер қызметін атқарады. Атап айтқанда, Теңіз кен орнында газ бөлу кешенінің құрылысын, Атырау облысында полиэтилен өндіру жобасын, оның ішінде полимерлеу қондырғысы мен жалпы зауыттық инфрақұрылым нысандарын салып жатыр.
Сонымен қатар, тараптар тұрақты энергетика саласындағы ынтымақтастықты дамытуға, соның ішінде Қазақстан Республикасында тұрақты авиациялық отын (SAF) өндіру жобасын пысықтауға және ықтимал жүзеге асыруға ниетті екенін растады.
Maire Tecnimont – мұнай-газ, энергетика және химия салаларындағы өндірістік нысандарды инжинирингтеу және салу бойынша әлемдік жетекші компаниялардың бірі.
{{ $t('messages.news1') }}
Астанада «Самұрық-Қазына» тобының 500-ге жуық қызметкері сенбілікке шы...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Digital Cooperation Organizati...
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов профессор Олаф Гротпен кездесті
{{ $t('messages.news1') }}
70-тен астам жоба: «Самұрық-Қазына» Қор тобында жасанды интеллектіні ж...