«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Шанхайда Power China компаниясының вице-президенті Чэнь Гуаньфумен кездесті
478
15 Шілде 2026
Тараптар энергетика саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру және стратегиялық серіктестікті нығайту мәселелерін талқылады.
Бүгінде серіктестік бірнеше бағыт бойынша дамуда:
Алматы ЖЭО-2-ні табиғи газға көшіру – еліміздегі ең ірі экологиялық жобалардың бірі;
Шелек дәлізіндегі жел электр станциясын қоса алғанда, жаңартылатын энергетиканы дамыту;
дамып жатқан мұнай-газ-химия кластерін электр энергиясымен қамтамасыз ету мақсатында Қарабатан алаңында бу-газ электр станциясының қосымша энергия блогын салу және басқа да жобалар.
Кездесу қорытындысы бойынша «Samruk-Kazyna Ondeu» ЖШС мен POWERCHINA SEPCO1 арасында Қарабатан алаңында бу-газ электр станциясын салу жөніндегі EPC+F-келісімшартына қол қойылды.
Бірлескен жобалар Қазақстанның энергетикалық инфрақұрылымын жаңғыртуға, «жасыл» энергетиканы дамытуға және елдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған.
Power China – Қытайдың ең ірі мемлекеттік корпорацияларының бірі. Гидроэнергетика және жаңартылатын энергия көздері саласындағы әлемдік көшбасшы.

{{ $t('messages.news1') }}
Астанада «Самұрық-Қазына» тобының 500-ге жуық қызметкері сенбілікке шы...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Digital Cooperation Organizati...
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов профессор Олаф Гротпен кездесті
{{ $t('messages.news1') }}
70-тен астам жоба: «Самұрық-Қазына» Қор тобында жасанды интеллектіні ж...