«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Huawei компаниясының Таяу Шығыс және Орталық Азия өңірі бойынша президенті Филлип Ганмен кездесті
459
15 Шілде 2026
Тараптар цифрландыру, телекоммуникация және жасанды интеллект салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыру және ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.
Кездесу барысында телекоммуникациялық және ІТ-инфрақұрылымды дамыту мен жаңғырту мәселелері қаралды. Атап айтқанда, деректерді беру және байланыс желілері, деректерді өңдеу орталықтары, серверлік және желілік жабдықтар, деректерді сақтау жүйелері және басқа да бағыттар бойынша бірлескен жұмыстар талқыланды.
Нұрлан Жақыпов Huawei компаниясы цифрлық технологиялар саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі екенін атап өтіп, бірлескен бастамаларды іске асыру Қазақстанның цифрлық трансформациясы, жоғары технологиялық инфрақұрылымды дамыту және елдің жаһандық технологиялық қауымдастықтағы позициясын нығайту жолындағы маңызды қадам болатынын айтты.
{{ $t('messages.news1') }}
Астанада «Самұрық-Қазына» тобының 500-ге жуық қызметкері сенбілікке шы...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Digital Cooperation Organizati...
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов профессор Олаф Гротпен кездесті
{{ $t('messages.news1') }}
70-тен астам жоба: «Самұрық-Қазына» Қор тобында жасанды интеллектіні ж...