«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов KEGOC Директорлар кеңесінің отырысын өткізді
539
23 Шілде 2026
Директорлар кеңесінің төрағасы «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы Нәби Айтжановтың компания қызметінің негізгі бағыттары бойынша есебін тыңдады.
2026 жылдың 6 айындағы негізгі қызметтен түскен кіріс 254,7 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 33%-ға артты.
Сондай-ақ, отырыста ұлттық электр желісін дамытуға бағытталған стратегиялық инвестициялық жобалардың барысы қаралды:
Қазақстанның Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің (БЭЭЖ) Оңтүстік аймағының электр желісін күшейту жобасы кестеден ерте іске асырылуда. Жоба «Алматы – Жамбыл» бағыты бойынша Солтүстік – Оңтүстік транзитінің өткізу қабілетін 440 МВт-қа арттыруға мүмкіндік береді.
Батыс Қазақстанның энергия жүйесін елдің Бірыңғай электр энергетикалық жүйесімен біріктіру жобасы жоспарға сай жүріп жатыр. Жоба аясында ұзындығы 600 шақырымнан асатын 500 кВ электр желісі с алынып жатыр.
Екі жобаны да 2027 жылы аяқтау жоспарланып отыр.

{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов Алматыдағы ЖЭО-2 және ЖЭО-3 нысандарын жаңғырту барысым...
{{ $t('messages.news1') }}
Алматыда «Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Smithsonian Folklife ...
{{ $t('messages.news1') }}
Жаңартылған Қастеев музейі: арт-зертхана, цифрлық тур және ауқымды көр...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» корпоративтік басқаруды дамытуға қосқан үлесі үшін ма...