Қор тобындағы комплаенс: жаңа міндеттер мен цифрлық шешімдер

Қор тобындағы комплаенс: жаңа міндеттер мен цифрлық шешімдер

575

24 Шілде 2026

«Самұрық-Қазынада» қордың, портфельдік компаниялар мен олардың еншілес ұйымдарының комплаенс бөлімшелері өкілдерінің қатысуымен стратегиялық сессия өтті.

Қатысушылар комплаенс функциясын дамытудың негізгі бағыттарын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы өзгерістерді, E-Compliance жүйесін дамыту және жаңа цифрлық құралдарды енгізу мәселелерін талқылады.

WhatsApp Image 2026-07-24 at 17.34.28 (1).jpeg

Контрагенттерді тексеруге арналған халықаралық платформаларды пайдалану және комплаенс-процестерде жасанды интеллект негізіндегі шешімдерді қолдану мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Стратегиялық сессия тәжірибе алмасу, үздік тәжірибелерді талқылау және қор тобының комплаенс функциясын одан әрі дамытуға арналған бірыңғай тәсілдерді қалыптастыру алаңына айналды.

Іс-шара аясында «Самұрық-Қазынаның» комплаенс қызметінің жаңа басшысы Данияр Шуженов таныстырылды.

WhatsApp Image 2026-07-24 at 17.34.29.jpeg