«Самұрық-Қазына» мен жоғары оқу орындары кадрларды бірлесіп даярлайды
773
18 Тамыз 2026
Үкімет отырысында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «Самұрық-Қазына» қорымен ынтымақтастықты жоғары оқу орындары мен жұмыс берушілердің тиімді әрекеттестігі ретінде атап өтті.
Қордың портфельдік компанияларында жыл сайын шамамен 10 мың студент дуальді оқыту мен өндірістік тәжірибеден өтеді. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында осы бағытта 4,3 мыңнан астам студент қамтылды.
Дуальді оқыту еңбек нарығында сұранысқа ие бағыттар бойынша жүргізіледі: тау-кен ісі, энергетика, IT, электр энергетикасы, теміржол көлігі, телекоммуникациялар, цифрлық технологиялар, ресурстарды өндіру және өңдеу.
Жеке бағыттардың бірі – оқытушылардың өндірістік тағылымдамадан өтуі. 2025–2026 оқу жылында 100-ден астам жоғары оқу орнының өкілі тағылымдамадан өтті. Жаңа оқу жылында қордың портфельдік компаниялары базасында шамамен 100 оқытушының тағылымдамадан өтуі жоспарланған.
Тағы бір бағыт – жасанды интеллект саласындағы құзыреттерді дамыту. 2026 жылдың қыркүйегінен бастап AI-Enabled University – Қазақ жасанды интеллект зерттеу университеті базасында қор компаниялары тобының 100 қызметкерін оқыту жоспарланып отыр.
{{ $t('messages.news1') }}
Астанада «Самұрық-Қазына» тобының 500-ге жуық қызметкері сенбілікке шы...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Digital Cooperation Organizati...
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов профессор Олаф Гротпен кездесті
{{ $t('messages.news1') }}
70-тен астам жоба: «Самұрық-Қазына» Қор тобында жасанды интеллектіні ж...