Нұрлан Жақыпов HKEX және CICC өкілдерімен кездесті

Нұрлан Жақыпов HKEX және CICC өкілдерімен кездесті

64

09 Қыркүйек 2026

«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Hong Kong Exchanges and Clearing Limited (HKEX) және China International Capital Corporation (CICC) өкілдерімен кездесті. HKEX делегациясының құрамында HKEX Листинг комитетінің төрағасы Кристофер Вонг болды.

Тараптар өзара іс-қимылдың перспективалы бағыттарын және халықаралық қаржы нарықтарындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мүмкіндіктерін талқылады.

Кездесу барысында «Қазақстан темір жолы» АҚ-ның 2026 жылы үш алаңда: HKEX, Лондон қор биржасы (LSE) және «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасында жоспарланған IPO-сына дайындыққа ерекше назар аударылды. Дайындық барысындағы маңызды кезеңдердің бірі – биыл маусымның соңында HKEX-ке A1 листингтік өтінімінің сәтті берілуі болды.

HKEX (Hong Kong Exchanges and Clearing) – Гонконг қор биржасы және Гонконгтың қаржы нарығының операторы. HKEX арқылы компаниялар акциялар мен облигацияларды орналастырып, халықаралық инвесторлардан капитал тарта алады. Бұл – Азиядағы ең ірі биржалық алаңдардың бірі.

CICC (China International Capital Corporation) – Қытайдың ірі инвестициялық банкі. Компания инвестициялық банкинг, қаржы тарту, акциялар мен облигацияларды орналастыру, M&A мәмілелерін сүйемелдеу және компанияларға консультациялық қызмет көрсету салаларында жұмыс істейді.

b7b32ec8-dcb4-4df9-bdb9-b8c3d2b1939b.jpeg