«Самұрық-Қазына» мен Masdar жаңартылатын энергетика саласындағы серіктестікті нығайтады

«Самұрық-Қазына» мен Masdar жаңартылатын энергетика саласындағы серіктестікті нығайтады

51

09 Қыркүйек 2026

«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов Masdar компаниясының даму және инвестициялар жөніндегі (Азия және Африка) директоры Абдулла Зайедпен кездесті.

Тараптар Жамбыл облысында қуаты 1 ГВт болатын жел электр станциясын энергия жинақтау жүйесімен бірге салу жобасының қазіргі жағдайы мен оны іске асыру бойынша алдағы қадамдарды, сондай-ақ жаңартылатын энергетика саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

фыфы4.jpg


Жоба Қазақстан мен Masdar арасындағы стратегиялық серіктестік аясында жүзеге асырылып жатыр. Инвестиция көлемі $1,4 млрд деп бағаланып отыр. Нысанды 2029 жылы пайдалануға беру жоспарланған.

Жоба аясында қуаты 1000 МВт жел электр станциясын және қуаты 300 МВт, сыйымдылығы 600 МВт·сағ энергия жинақтау жүйесін салу көзделген. Жинақтау жүйесі электр энергиясын өндірудегі ауытқуларды теңестіруге және энергетикалық жүйенің тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Жоба алаңында капсула салу және құрылыс жұмыстарының ресми басталу рәсімі 29 маусымда Жамбыл облысында өткен еді. 

фыфы3.jpg

Жоба «жасыл» энергия өндіру көлемін арттырып, Қазақстанның оңтүстік өңірлерінің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ ол елдегі жаңартылатын энергетиканы дамытудағы маңызды жобалардың біріне айналады.

Masdar – жаңартылатын энергетика және тұрақты даму саласындағы әлемдегі жетекші компаниялардың бірі. Ол 2006 жылы Абу-Дабиде (БАӘ) құрылған. Masdar 40-тан астам елде жұмыс істейді және жалпы қуаты 20 ГВт-тан асатын жобаларды жүзеге асырып жатыр.

фыфы2.jpg