«Самұрық-Қазынаның» негізгі қаржылық және өндірістік көрсеткіштерінің өсімі сақталды
20
11 Қыркүйек 2026
Астанада Болат Жәмішевтің төрағалығымен «Самұрық-Қазына» АҚ Қоғамдық кеңесінің қаржы нәтижелеріне арналған отырысы өтті.
«Самұрық-Қазына» АҚ Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры Айдар Рысқұловтың айтуынша, 2026 жылдың 6 айындағы негізгі қаржылық көрсеткіштер өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда оң динамиканы көрсетті: түсім 21%-ға, таза пайда 18%-ға, EBITDA 15%-ға өсті.

Өндірістің бірқатар көрсеткіштері, оның ішінде уран өндіру көлемі, жүк айналымы және транзит бойынша да оң динамика байқалады.
«Самұрық-Қазына» активтер көлемі бойынша 2025 жылғы SWFI рейтингіне сәйкес әлемдегі 21 ірі тәуелсіз әл-ауқат қорының қатарына кіреді. Активтер көлемі тұрақты өсіп келеді: 2022 жылғы 33,6 трлн теңгеден 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша 46,7 трлн теңгеге дейін өсті (жыл сайын орта есеппен 10%-ға). Рысқұловтың айтуынша, 2026 жылғы қаңтар-маусым аралығындағы өсім шамамен 5%-ды құрады, бұл орташа өсу қарқынына сәйкес келеді.

Қордың негізгі міндеттері: портфельдік компаниялардың құны мен таза активтерін одан әрі арттыру, сондай-ақ Қазақстан экономикасына тікелей шетелдік инвестициялар тартуға ықпал ету.
Қордың қаржылық тұрақтылығы халықаралық кредиттік рейтингтермен де расталған: Fitch Ratings – BBB, болжамы – «Тұрақты»; Moody’s – Baa1, болжамы – «Тұрақты».

{{ $t('messages.news1') }}
ЖИ және цифрландыру: энергетика саласы үшін жаңа мүмкіндіктер
{{ $t('messages.news1') }}
Қазақстан мен Қытайдың капитал нарықтары арасындағы жаңа көпірлер
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» қорында «ҚазМұнайГаз» АҚ Директорлар кеңесінің отырыс...
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов Astana Finance Days пленарлық сессиясында сөз сөйледі