Нұрлан Жақыпов Rhenus Group басқармасының арнайы уәкілетті өкілімен кездесті
222
28 Қыркүйек 2026
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Берлинде Rhenus Group басқармасының арнайы уәкілетті өкілі Генрих Керстгенспен кездесті.

Тараптар көлік және логистика саласындағы ынтымақтастық перспективаларын, соның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағытын және оған байланысты инфрақұрылымды дамыту мәселелерін талқылады.
Ақтау портында үшмодальді жүк терминалын құру жобасына ерекше назар аударылды.

Rhenus Group – көлік және логистикалық қызметтерге, соның ішінде терминалдық және мультимодальді инфрақұрылымды басқаруға маманданған халықаралық логистикалық компания. Rhenus компаниясы 1996 жылдан бері Қазақстанда қызмет атқарады және экспедиторлық, логистикалық қызметтер көрсетеді.

{{ $t('messages.news1') }}
Астанада «Самұрық-Қазына» тобының 500-ге жуық қызметкері сенбілікке шы...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Digital Cooperation Organizati...
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов профессор Олаф Гротпен кездесті
{{ $t('messages.news1') }}
70-тен астам жоба: «Самұрық-Қазына» Қор тобында жасанды интеллектіні ж...