«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Deutsche Bahn AG компаниясының халықаралық бизнес бағытының басшысы, DB E.C.O. компаниясының бас директоры Нико Варбаноффпен келіссөз өткізді
249
28 Қыркүйек 2026
Тараптар «Қазақстан темір жолы» АҚ-мен ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады.
Жолаушылар тасымалының тиімділігін арттыруға бағытталған «ҚТЖ» мен DB Engineering & Consulting арасындағы ынтымақтастықтың оң нәтижелері жайлы айтылды.
Кездесу барысында бірлескен жұмыстың әлеуетті бағыттары, оның ішінде жолаушылар тасымалы, жылжымалы құрамға техникалық қызмет көрсету, цифрландыру және операциялық қауіпсіздікті арттыру мәселелері талқыланды.

Тараптар диалогты жалғастырып, әрі қарай да өзара әрекеттестіктің перспективалы бағыттарын айқындауға уағдаласты.
Deutsche Bahn AG – теміржол тасымалы, жинақтылық және логистика саласындағы қызметтерді ұсынатын әлемдегі ірі халықаралық компаниялардың бірі. Топ 130-дан астам елде жұмыс істейді.
DB Engineering & Consulting – Deutsche Bahn компаниясының 100% еншілес компаниясы, көлік және инфрақұрылым саласында инженерлік-консалтингтік қызметтер көрсетеді.

{{ $t('messages.news1') }}
Астанада «Самұрық-Қазына» тобының 500-ге жуық қызметкері сенбілікке шы...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Digital Cooperation Organizati...
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов профессор Олаф Гротпен кездесті
{{ $t('messages.news1') }}
70-тен астам жоба: «Самұрық-Қазына» Қор тобында жасанды интеллектіні ж...