Жедел байланыс желісі

«Самұрық-Қазына» АҚ (бұдан әрі – Компания) адал ниеттілік, ашықтық және адалдық принциптерін ұстанатын корпоративті мәдениетті сақтауға ерекше көніл бөледі.

Оңды имиджді одан әрі сақтау мақсатында, «Самұрық-Қазына» АҚ компаниясының қызметіне қатысты заңдарды және/немесе тәртіп ережелерін бұзушылықтарды уақытылы анықтау және алдын-ала болдыртпау, сонымен қатар алаяқтық, сыбайлас жемқорлық, кемсітушілік, этикалық емес мінез-құлық және басқа да бұзушылықтарға қатысты істерді анықтау мақсатында Компания жедел байланыс желісінің іске қосылғаны туралы хабарлайды.

Жедел желі тәуелсіз оператор, KPMG компаниясымен қызмет көрсетіледі және келесі қағидаттар бойынша жұмыс істейді:

Сізге тәртіп ережелерінің кез-келген бұзушылықтары, соның ішінде сыбайлас жемқорлық, кемсітушілік, этикалық емес мінез-құлық және басқа да бұзушылықтар туралы хабарлауыңызға болады

Біз кепілдік береміз

құпиялылық және анонимдік (өтініш берушінің талабы бойынша); және

компанияның жауапты тұлғаларына кейіннен ұсына отырып, хабарламаларды 100% тіркеу және өңдеу.

Жедел байланыс желісі тәулік бойы, аптасына жеті күн жұмыс істейді (24/7). Сонымен қатар, оператор қоңырауларды дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09.00
мен 18.00 арасында қабылдайды. Қалған уақытта (мереке / демалыс күндерін қоса), телефон қоңыраулар хабарламаларды жазылу мүмкіндігімен бірге автожауапбергішке түседі. Жұмыс уақытынан тыс алынған хабарламалар, келесі бірінші жұмыс күнінде өңделеді.
Жедел байланыс желісі Қоғам қызметкерлері үшін, сонымен қатар Компаниямен өзара әрекеттесетін үшінші тұлғаларға да (тапсырыс берушілер, мердігерлер және басқа мүдделі тұлғалар) қол жетімді.
Құпиялылық пен анонимділікті қамтамасыз ету үшін барлық келіп түскен хабарламалар сыртқы тәуелсіз Оператормен қабылданады және өңделеді. Оператор күн сайын келіп түскен хабарламалар туралы ақпаратты Комплаенс қызметіне күн сайын жібереді.
Егер сіз хабарлама жіберу кезінде өз деректеріңізді жария етпегіңіз келсе, олар тіркелмейді және Компанияға берілмейді. Дегенмен, сіздің хабарламаңызды тиімді және уақтылы өңдеу үшін сізден байланыс ақпаратын қалдыру сұралады.
Жедел байланыс желісі туралы толығырақ ақпарат алу үшін «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімін таңдауыңызды сұраймыз.

Жиі қойылатын сұрақтар

Ынтымақтастық пен көмегініз үшін алғыс білдіреміз!
ЕСКЕРТПЕ:
Жедел байланыс желісі тек заңдарды және/немесе тәртіп ережелерін бұзушылықтар туралы, сонымен қатар алаяқтық, сыбайлас жемқорлық, кемсітушілік, этикалық емес мінез-құлық және басқа да бұзушылықтарға қатысты істерді туралы хабарлама алуға арналған
Маңызды!
Жедел байланыс желісі қызметкерлер мен контрагенттерге қысым жасау үшін қолданылмауы керек және/немесе оларды белгілі бір әрекеттерді жасаудан/бас тартуға мәжбүр етпеуі керек және жеке ішкі істерді шешу құралы ретінде қарастырылмауы керек.