2015 жылғы 21 мамырда«Самұрық-Қазына» АҚ VIII Астана экономикалық форумы аясындағы панельді сессияда трансформация бағдарламасының алғашқы нәтижелерін талқылады.
«Самұрық-Қазына» АҚ трансформациясы» сессиясына шетелдік сарапшылар, соның ішінде әлемге танымал экономика мен қаржы маманы Нуриэль Рубини, тәуелсіз директорлар, Қор жетекшілері, депутаттар мен мемлекеттік органдар мен ұлттық басқарушы компаниялар өкілдері қатысты. Шарада тұрақты даму мен бәсекеге қабілеттілік, сынақтар мен Топты дамытудың басты факторы болып табылатын меритократия мәселелері талқыланды.
Қор басқармасының төрағасы Өмірзақ Шөкеев 2014 жылғы қазан айындағы трансформация бағдарламасының ресми тұсау кесуінен кейін қол жеткізілген басты нәтижелеріне тоқталды. «Біз трансформацияны өзімізден бастадық – трансформация Қордың өзінде, сондай-ақ, «ҚазМұнайГаз», Қазақстан темір жолы», «Қазпошта» компанияларында іске асырылып жатыр. Күні кеше КЕGОС-та трансформация бағдарламасы басталды, жақында «Самұрық-Энерго» мен «ҚазАтомПромда» іске қосылады», - деді ол. Қазіргі кезде Қордың 7 компаниясы, корпоративтік орталықпен бірге трансформация бағдарламасына енгізілген. Ө.Шөкеев бүгінгі таңда холдингтің маңызды кезеңге – жаңа бизнеске, белсенді инвестор үлгісіне көшкуге ынталанатынын атап өтті. Жақын уақытта «Самұрық-Қазына» АҚ-ның жаңа құрылымы жасақталып, топ-менеджмент пен барлық қызметкерлер қайтара сынақтан өткізілетін болады.
Ал Н.Рубини, өз кезегінде, ірі корпорациялардың трансформациясы жекелеген салалар ғана емес, бүтін елдердің дамуына оң ықпал еткенін айтты. «Самұрық-Қазына» қоры трансформацияның классикалық үлгісін ұстанып отыр және ірі трансұлттық компаниялардың жолымен келе жатыр. Қазіргідей дағдарыс жағдайында бәсекелестікке қабілетті арттырып, жаһандық сынақтарға лайықты жауап беру үшін бұл өте маңызды», - деді Н. Рубини.
Сессия барысында бизнесті трансформациялау жөніндегі бас директор Адамас Илькявичус ірі компаниялар алдында тұрған міндеттерді атап өтті. Трансформацияның ауқымы, кешенділігі және тығыз кестесіне тоқталды. А. Илькявичус компаниялардың алдағы 3 жылға «жол картасын» іске асырып жатқанын айтты. Карталар бағдарламаның басты мақсаттарын, іске асырылуын нақтылайды. Қордағы бизнес үрдістерді реинжинирингтеу жүзеге асырылып жатыр.
Шарада басқарма төрағасының орынбасары Елена Бахмутова трансформация бағдарламасының басты факторы меритократия қағидалары негізіндегі тең мүмкіндіктерді жүзеге асыру екенін атап өтті. «Бастамалар мен таланттарды қолдау, марапаттың әділ жүйесі, кадрларды көтермелеу, жаңа корпоративтік мәдениетті қалыптастырады, жетістікке жетелейді әрі жемқорлыққа тосқауыл болады», - деді ол. Қор тобында Мемлекет басшысы атап көрсеткен бес реформаның бірі, мемлекеттік қызметті оңтайландыруда үлкен тәжірибе бар, дейді Е. Бахмутова.
Анықтама:
Трансформация бағдарламасы үш мақсатты көздейді – қолданыстағы активтердің құнын арттыру, портфельді оңтайландыру және корпоративтік басқаруды жетілдіру.
Қолданыстағы активтердің құнын арттыру мақсатында бизнес үрдістерді реинжиниринг жасау, портфельді компаниялар қызметінің стратегиялық көрсеткіштерін, соның ішінде басты көрсеткіштерді стратегиялық тұрғыда қайта қарау.
Портфельді оңтайландыру өз кезегінде портфельді компаниялардағы заңдық құрылымды, әлеуметтік жобаларды жеңілдету мен портфельді компаниялардағы кіріс пен тәуекелді ескере отырып, қаржыны қайта бөлу арқылы белсенді инвестиция тартуды көздейді.
Корпоративтік басқаруды жетілдіру аясында ел Үкіметімен, реттеушілермен тығыз қарым-қатынас орнатып, Қордың салалық командаларын күшейту, Директорлар кеңесінің ролін, өкілеттіктері мен құзырын арттыру жоспарланған.
«Самұрық-Қазына» АҚ Трансформация бағдарламасын іске асырудағы экономикалық тиімділік $11 млрд. бағаланып отыр.