«Жас Өркен» тағылымдама бағдарламасы бойынша байқау қорытындыланды

«Жас Өркен» тағылымдама бағдарламасы бойынша байқау қорытындыланды

535

31 Тамыз 2017

Қазақстанның 21 қаласынан жоғары оқу орындарының 600-ге жуық түлегі «Самұрық-Қазына» АҚ-ның тағылымдама бағдарламасына қатысуға өтініш жолдады 

31  тамыз 2017 ж., Астана қ. «Самұрық-Қазына» АҚ 2017 жылдың 24 тамызында Астана қаласында өткен «Жас Өркен» тағылымдама бағдарламасы байқауының ақтық сайысын қорытындылады. Алдыңғы үш іріктеу кезеңінен сүрінбей өткен 28 үміткердің 20-сы бағдарлама қатысушысы атанды. Жеңімпаздардың есімі байқау комиссиясының үміткерлермен өткен панелдік сұхбаты нәтижесінде анықталды.

 Комиссия құрамына «Самұрық-Қазына» АҚ мен Қордың Компаниялар тобын басқарушы директорлары, «Жас Өркен» бағдарламасының жобалық командасының қызметкерлері және тәуелсіз бақылаушылар кірді. Байқаудың соңғы кезеңінің онлайн-көрсетілімі бағдарламаның ресми сайтында https://www.skcu.kz/zhasorken/ және әлеуметтік желілерде жүргізілді. 

«Жас Өркен» тағылымдама бағдарламасының мақсаты – жастарды ынталандыру. Осы жобаның арқасында біз жеке даму жоспары бойынша бағдарламаның әр қатысушысына қызмет жолында өсуіне жағдай жасаймыз. Байқаудың ақтық сынына ең мықты үміткерлер өтті. Олар бұған дейін ірі байқауларға, қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарында жүзеге асырылған академиялық жобаларға қатысқан. Барлығы - олимпиада жеңімпаздары. Олардың жетістіктері көп. Біз үміткерлердің білімін ғана емес, жан-жақты бағаладық. Байқаудың соңғы кезеңінде қатысушылардың мақсат-мұратын мен құндылықтарын, олар топ бастай алатын көшбасшы және кәсіби маман,  жаңашылдықты  енгізуге және қабілеті мен білімін қоғамның игілігі үшін қолдануға қаншалықты дайын екендігін анықтадық», - деп атап өтті «Самұрық-Қазына» АҚ адам ресурстарын басқару және коммуникациялар жөніндегі басқарушы директоры Ұлан Тәжібаев. 

«Жас Өркен» бағдарламасының қатысушылары «Самұрық-Қазына» корпоративтік университетінде және Мәскеу қаласындағы Deloitte білім орталығында білімін шыңдап, Қазақстанның ұлттық компаниялары - «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «Қазақстан Темір Жолы» ҰК АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «Тау-Кен Самұрық» ҰТКК АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ, «Біріккен химиялық компания» ЖШС, «Эйр Астана» АҚ, «Қазпошта» АҚ және «Самұрық-Энерго» АҚ компанияларында тағылымдамадан өтуге жолдама алады. Оқу бағдарламасы 3 аптаға, тағылымдама 20 айға жалғасады, бағдарлама қатысушылары 5 ай сайын «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының әртүрлі төрт кәсіпорнына ауысып отырады. Осы уақыт аралығында оларға шәкіртақы,  жолақы және жатын-орны шығындары төленеді. 

Айта кеткен жөн, 2017 жылы сәуірде «Самұрық-Қазына» АҚ жоғары оқу орындарының түлектері арасында екі жылдық «Жас Өркен» бағдарламасына қатысуға байқау жариялаған. Қордың бастамасымен қолға алынған бағдарлама дарынды жастарды тарту, іріктеу, тағылымдамадан өткізу, оқыту және дамытуға бағытталған. Байқауға бакалавриат және магистратура бағдарламалары бойынша 2017 жылы жоғары оқу орнын тәмамдаған түлектер шақырылды. 
Жоғары оқу орындары түлектерінен «Жас Өркен» тағылымдама бағдарламасына қатысуға өтініштер 2017 жылғы 3 сәуір мен 3 шілде аралығында қабылданды. Төрт кезеңнен тұратын байқауға қазақстандық және шетелдік 55 жоғары оқу орнынан -   қазақстандық 21 университеттен, ТМД елдерінің 11 университетінен, Еуропаның 13 (соның ішінде 6-уы Ұлыбританиядан), Азияның  9, АҚШ-тың 1, Австралияның бір университетінен өтініштер жолданды. 

Алғашқы үш іріктеу кезеңі 5 шілдеден 18 тамызға дейін Алматы, Астана, Ақтөбе, Өскемен және Шымкент қалаларында өтті. Іріктеу кезеңдеріне уәждемелік эссе жазу, іскерлік дағдыларды бағалауға арналған тапсырмаларды орындау, вербалды және сандықтесттердішешу, бизнес-кейстерді орындау бойынша топтық тапсырмалар, қатысушылардың бизнес-тапсырмаларды дербес шешуі және құзыреттер бойынша жеке сұхбаттар кірді. Үміткерлерді арнайы шақыртылған бақылаушылар - «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «Қазпошта» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ,  «ҚТЖ» ҰҚ АҚ және  «Эйр Астана» АҚ компанияларының өкілдері бағалады. 

«Жас Өркен» тағылымдама бағдарламасына қатысу бойынша байқау жеңімпаздарының тізімі:  
1. Ерзатхан Аблайханов (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, мамандығы – Биология);  
2. Агила Каракаева (Лондон университеті, мамандығы – Экономика және менеджмент);
3. Ернат Әбеуов (Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, мамандығы – Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері);
4. Мирас Аусат (Назарбаев университеті, мамандығы – Химиялық инженерия);
5. Бекмырза Кулжанов (КИМЭП, мамандығы – Корпоративті қаржы);
6. Лаура Байсалбаева (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, мамандығы – Математика);
7. Жанибек Жолдас (Сулеймана Демирел атындағы университет, мамандығы – Құқықтану);
8. Жаркын Сарсенгалиев (Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, мамандығы – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамсыздандыру);
9. Айжан Бугенова (М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, мамандығы – Халықаралық қарым-қатынас);
10. Адиль Жаппаргалиев (Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, мамандығы  – Тау-кені ісі); 
11. Ақмарал Мухтасырова, (Сулеймана Демирел атындағы университет, мамандығы – Халықаралық қарым-қатынас);
12. Назия Сулейменова (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, мамандығы – Математика);
13. Акжунис Арыстанбек (Халықаралық  бизнес және экономика университеті (ҚХР, Бейжің қ.), мамандығы –Логистиканы басқару);
14. Тимур Рахимжанов (С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, мамандығы – Технологиялық машиналар және құрал-жабдықтар);
15. Жанике Евниева (Пантеон-Ассас университеті (Франция, Париж), мамандығы – Экономика және басқару);
16. Жулдыз Нурпеисова (Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ, мамандығы – Әлемдік  экономика);
17. Айжан Сейтжанова  (Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті,  мамандығы – Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері );
18. Сұлтанбек Қайым (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, мамандығы – Өңіртану);
19. Айжан Какенова (Назарбаев Университеті, мамандығы – Халықаралық қарым-қатынас);
20. Адил Абдиханов (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, мамандығы – Автоматтандыружәне басқару).  


 «Самұрық-Қазына» АҚ тағылымдама бағдарламасына қатысушылар тізімі «Жас Өркен» жобасының ресми парақшасында жарияланған:  https://www.skcu.kz/zhasorken/kz/winners-kz/