«ҚазМұнайГаз» IPO-ға 2018 жылдан кейін шығады
644
20 Сәуір 2016
«ҚазМұнайГаз» ІРО-ға 2018 жылдан кейін шығуды жоспарлады. Бұл туралы компанияның экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры Ардақ Қасымбек мәлімдеді.
«ҚазМұнайГаз» ҰК ІРО-ға 2018 жылдан кейін шығады. Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» ҰК экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры Ардақ Қасымбек Алматыда өткен Қазақстан бойынша дәстүрлі Fitch Ratings Х конференциясында мәлімдеді.
«Біз «ҚазМұнайГаз» ҰК ІРО-ға шығуын жоспарладық. Меніңше, мұны 2018 жылдан кейін жүзеге асырған дұрыс. Биылғы жағдайда компания ІРО-ға дайын емес. Бірінші кезеңде ҚМГ ҰК еншілес компанияларының біразын жекешелендіру қажет. Барлығы 63 компания бар, оның ішінде 9 компания тізімге (жекешелендіру нысаны – ред.) ілікті. Бәлкім олар жартылай шығады (еншілес капиталдан – ред.), яғни зауыттардың 100 % қоржыны сатылады дегенді білдірмейді», - деді Ардақ Қасымбек.
Ол ҚМГ ҰК еншілес құрылымдарын жекешелендіру артықышылықтарынн да атап көрсетті: «Біздің зауыттарда қомақты қарыз жиналып қалды, шамамен 3 млрд доллар. Компанияның бақылау акциялары қоржынын сату оны ұзартпауға мүмкіндік беретіні түсінікті. Екінші кезеңде біз қалған компанияларды сата бастаймыз, олар - негізінен сервистік компаниялар. Біз одан ірі түсім күтпейміз, дегенмен ақылға сыйымды сомаға осы активтерден шығуға дайынбыз».
Оның айтуынша, ҚМГ ұлттық компаниясында өзгеріс жүруде. «Қазір ҚМГ күрделі басқарылатын, ашық емес, тиімсіз компания, сондықтан біз барынша қарапайым, жинақы ұйым құру қажет деп санаймыз... Қазір бізде басқарудың 9 деңгейі қалыптасқан: «қызы», «немересі», «шөбересі» деп шұбырып кете береді. Алдағы 2-3 жылда біз ҚМГ ҰК –да басқарудың үш деңгейлі жүйесін құрмақшымыз. Әлгінде айтып өткен шараларды жүзеге асырғаннан кейін ғана, ІРО-ға шығу мүмкін болмақ. Ол кезге дейін баға конъюктурасы қазіргіден жақсарады деп үміттенеміз», - деп нақтылады ҚМГ ҰК экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры.
Бұған қоса, Ардақ Қасымбек компанияның 2016 жылғы бюджеті мұнайдың Brent маркасының бағасымен, яғни барреліне 30 доллар көлемінде белгіленгенін айтты. Оның айтуынша, бұл - консервативті шешім. «Топ бойынша біз орташа есеппен «қара алтынды» экспортқа 3-4 доллар дисконтпен сатамыз. Соңғы екі жылда шығынды барынша азайтуға тырыстық. Қазір біздің бюджетке қарап, барлық дерлік негізгі мұнай өндіруші компаниялары шығынға ұшырағын жоқ, яғни аз да болса табыс әкеледі», - деді ол.
Өткен жылы ҚМГ ҰК өз қарызын 19 млрд доллардан 10 млрд долларға дейін кеміте алды. «Бұған Үкімет пен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ қолдауымен қол жеткіздік. Қазір біз қарызды ұлғайтпауға тырысамыз. Мұнайдың бағасы барреліне 30-40 доллар болса, біз қарызды төлеуге шамамыз жетеді деген сенімдеміз. 2016 ж. мұнайдың орташа жылдық бағасына біздің болжам: 35-40 доллар»,- деді Ардақ Қасымбек.
Айта кетейік, 21 сәуірде мұнайдың Brent маркасының бір баррелі 46,08 долларға сатылды.
Еске салсақ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ басшысы Өмірзақ Шүкеев «ҚазМұнайГаз»-дың ІРО-ға 2018 жылы шығатынын бұрын да айтқан болатын.
Дерек көзі: kapital.kz
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» қорында алғаш рет қысқы Спартакиада өтті
{{ $t('messages.news1') }}
Ынтымақтастық туралы келісім және атом саласындағы меморандум: «Самұры...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» мен «Теңізшевройл» басшыларының кездесуі аясында екі ...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» тобындағы өндірістік қауіпсіздік: негізгі қорытындыла...