«Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» заңға өзгерістер енгізілген

«Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» заңға өзгерістер енгізілген

636

09 Желтоқсан 2015

Өзгерістер «Самұрық-Қазына» АҚ нысандарын жекешелендіру бағдарламасына да қатысты.

Көп бөлігінде өзгерістер Жекешелендірудің кешенді жоспарын іске асыруға және Қордың активтерін бәсекелі ортаға шығаруға қатысты болды.

Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 1 ақпандағы «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., №4, 29-құжат; 2014 ж. №4-5, 24-құжат; №12, 82-құжат; «ЕгеменҚазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде 2015 ж. 29 қазанда жарияланған, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 27 қазандағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы; «ЕгеменҚазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде 2015 ж. 18 қарашада жарияланған, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қайырымдылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы):

1) 24-бапта:
2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Барлық дауыс беретін акциялары меншік және (немесе) сенімгерлікпен басқару құқығында Қорға тиесілі болатын компанияның жарғысында «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес акционерлердің жалпы жиналысының айрықша құзыретіне кіретін мәселелер осындай компанияның директорлар кеңесінің құзыретіне жатқызылуы мүмкін, оған мынадай:»;
3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Барлық дауыс беретін акциялары меншік және (немесе) сенімгерлікпен басқару құқығында Қорға тиесілі болатын компанияның жарғысында «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес директорлар кеңесінің айрықша құзыретіне кіретін мәселелер көрсетілген компанияның атқарушы органының құзыретіне жатқызылуы мүмкін, оған мынадай:»;
2) 4-тарау мынадай мазмұндағы 24-1-баппен толықтырылсын:
«24-1-бап. Қордың және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығымен Қорға тиесілі ұйымдардың активтерін бәсекелі ортаға беру. 

1. Қордың және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығымен Қорға тиесілі ұйымдардың активтерін бәсекелі ортаға беру тәртібі Қордың директорлар кеңесімен айқындалады.

2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген, бәсекелі ортаға беруге ұсынылатын, заңды тұлғалардың активтер тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметімен айқындалады.

3. Активтерді бәсекелі ортаға беру Передача активов в конкурентную среду осуществляется:
1) иеленуі және (немесе) пайдалануы, және (немесе) басқаруы Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік күйәне әсер ететін болатын, әлеуметтік-экономикалық маңызы бар активтер бойынша тәуелсіз консультанттарды тарту арқылы жүзеге асырылады. Сондай активтерді сату тәсілі Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сақтай отырып, Қордың директорлар кеңесімен тәуелсіз консультанттардың ұсыныстары негізінде анықталады;
2) өзге активтер бойынша аукцион тәсілімен жүзеге асырылады.

4. Аукцион:
- бірінші рет – бағаны жоғарылату тәсілімен;
- екінші және үшінші рет – бағаны төмендету әдісімен жүргізіледі.
Екінші сауда-саттықта активті сату сатылатын активтің бастапқы құнынан елу пайыз көлеміндегі минималды бағаны белгілеп, бағаны төмендету әдісін қолдан отырып, аукционда жүзеге асырылады.
Үшінші сауда-саттықта активті сату минималды бағаны белгілемей, бағаны төмендету әдісін қолданып, аукционда жүзеге асырылады.
Әрбір келесі сауда-саттықтар жиырма жұмыс күндері мерзімінде жүзеге асырылады.

5. Аукционды өткізу кезінде сатылатын активтікһң бастапқы бағасы сатылатын активтің бастапқы сату бағасына тең.

6. Сатылатын активтің бастапқы бағасы сатушымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес белгіленеді. 
Сатылатын активтің бастапқы бағасы сатылатын активтің теңгерімдік құнынан төмен болуы мүмкін.

7. Активтерді осы баптың 1-тармағымен қарастырылған, заңды тұлғалармен аукцион тәсілімен мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында жүзеге асырылады.

8. Осы баптың 1-тармағымен қарастырылған, заңды тұлғалармен актив сатылатын активтің теңгерімдік құнынан төмен баға бойынша сатылуы мүмкін .

9. Үш сауда-саттық нәтижелері бойынша сатылмаған активтер Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте таратылуы немесе қайта ұйымдастырылуы мүмкін.

10. Осы баптың 1-тармағымен қарастырылған, заңды тұлғалардың актвитерін тікелей атаулы сату тәртібі Қордың директорлар кеңесімен айқындалады.

2-бап. 2016 жылдың 2 қаңтарынан бастап енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 4-тармағы 1), 5) және 10) тармақтарынан басқа, осы Заң 2016 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі.