«Самұрық-Қазына» АҚ басшылығы 2014 жылдың қорытындысын жасады

«Самұрық-Қазына» АҚ басшылығы 2014 жылдың қорытындысын жасады

809

19 Ақпан 2015


2015 жылғы 20 ақпанда,ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде, «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмаларының және «Нұрлы Жол» бағдарламасының орындалу барысы, сондай-ақ Компаниялар тобының 2014 жылғы қаржылық нәтижелері жайында баяндады. 

«Самұрық-Қазына» АҚ Компаниялар тобы 2014 жылды жақсы нәтижемен аяқтады. Бұған мүмкін болатын сынақтардың алдын алудың арқасында қол жеткіздік. Алдын ала мәліметтер бойынша, топтардағы таза табыс 458 млрд. теңгеге бағаланып отыр, тиімділіктің басты көрсеткіші болып саналатын операциялық кіріс (EBITDA margin) 19,52%-ды құрады», - деді Ө.Шөкеев.
2014 жылы Қор компаниялар тобы жалпы құны  2,9 млрд. долларды құрайтын 13 жобаны іске қосты. 5,6 мыңнан астам уақытша және 1,2 мыңнан астам тұрақты жұмыс орындары ашылды.  

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Қор кешенді іс-шараларды қолға алды:
- Шығындардың барынша төмендеуі бастапқы жоспарлармен салыстырғанда 337 млрд. теңге немесе 7%-ды құрады. Қысқартылмайтын шығындар қатарына өндірістік құрамның жалақысы, салықтар мен бюджетке міндетті төлемдер және амортизация жатады.
- Ұлттық валютаны қолдау. 2014 жылдың 1 наурызындағы жағдайға сәйкес қор топтарының салымы 2 трлн 361 млрд. теңгені құраса, оның ішінде шетелдік валютадағы салым - 1 трлн. 52 млрд. теңге немесе 44,6% болған. 2014 жылғы 1 желтоқсандағы топтың депозиттер көлемі 1 трлн. 985 млрд. теңге, оның ішінде шетелдік валюта - 823 млрд. теңге немесе 41,5% болды. «Самұрық-Қазына» компаниялар тобындағы валюталық депозиттерді төмендету жалғасып жатыр.

«Осы жерде қор топтары барлық қаражатты валютаға айналдырып, валюталық тәуекелдерді күшейтіп отыр дейтін қауесеттерді жоққа шығарғым келеді. Мұны біздің валюталық салымдар көрсеткішінен-ақ байқауға болады. Қордың валюталық салымдарының барлық банк жүйесіне ықпалы 7,3%-ды ғана құрайды», - деп атап өтті Ө.Шөкеев.

Индустриялы-инновациялық үдемелі дамудың мемлекеттік бағдарламасы аясындағы стратегиялық жобаларды қаржыландыру.Инвестициялық шығындар 18%-ға азайтылады, бұл ИИҮДБ-2, «Нұрлы Жол» бағдарламасы, «EXPO-2017» нысандары және т.б. ірі жобаларға қатысты емес.

Бизнесті қолдау бойынша шаралар Мемлекет басшысының тапсырмаларын есепке ала отырып, күшейетін болады. 2014 жылы қолданыстағы өндіріс орындарын жаңғырту мен жаңа өндіріс орындарын ашу бойынша бағдарлама аясында 13 жоба мақұлданған. Олардың жалпы құны - 20 млрд. 756 млн. теңге.

Жекешелендірудің кешенді жоспарына сәйкес 2020 жылға дейін «Самұрық-Қазына» қоры 106 активті сатылымға шығарады. 2014 жылы  жасалған келісімшарттардың жалпы құны 23,4 млрд. теңгені құрап, олардың бағаланған құнынан 1,6 есе асып түсті.

Қайта құру аясында «Самұрық-Қазына» компанияларының саны мен оларды басқаруды оңтайландыру көзделіп отыр.
Өткен жылдың 6 қазанында басталған «Самұрық-Қазына» АҚ Компаниялар тобын трансформациялау бағдарламасы қарқынды жалғасып жатыр. 2015 жылғы 1 маусымнан бастап «Самұрық-Қазына» қоры, бүкіл әлемдегі ірі нарық компаниялары сияқты, операциялық басқару қағидасынан директорлар кеңестері арқылы басқаруға көшеді.

«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобын трансформациялау бағдарламасын жүзеге асырудың экономикалық пайдасы алдағы уақытта жылына 100 млрд. теңгеге бағаланып отыр.