Нұрлан Рахметов: «Жекешелендіру аясында сатылатын нысандар бизнес тарапынан үлкен қызығушылық тудырып отыр»

Нұрлан Рахметов: «Жекешелендіру аясында сатылатын нысандар бизнес тарапынан үлкен қызығушылық тудырып отыр»

878

11 Желтоқсан 2014

Жекешелендіру аясында саудаға қойылған активтер бірден сатылып кетеді деуге болмайды. Бастысы, қазір оларды саудаға шығару қажет, ал сату мерзімін нарық анықтайды. 

Нысындардың басым бөлігін үш жыл ішінде сату жоспарланған. Бүгінгі жекешелендірудің қауіп-қатері мен оның алғашқы нәтижелері жайында «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарама мүшесі - Қаржы директоры Нұрлан Рахметов баяндады.


- Нұрлан Құсайынұлы, Жекешелендіру бағдарламасының тұсауын кескелі жарты жылдан астам уақыт өтті. Осы аралықта қол жеткізген алғышқы нәтижелер қандай?

- Қазіргі таңда біздің тарапымыздан тікелей сауда, аукцион, сондай-ақ басымдылық сатып алу құқықығымен 9 нысан жүзеге асырылды. Бұл негізінен жөндеу және сервистік қызмет көрсету саласындағы мамандандырылған кәсіпорындар мен күзет ұйымдары. Аталған нысандардың бастапқы бағасының жалпы құны шамамен 1,9 млрд теңгені құраса, сатудан түскен пайда 3,5 млрд теңгеден сәл артығырақ болды. Жеке көзқарасым бойынша, бұл жаман бастама емес. Алайда жыл қорытындысын шығару әлі ертерек. Менің ойымша, қаңтар айына қарай жүзеге асырылған нысандардың саны анағұрлым көбейіп, саудадан түскен пайда әлі де өсетін болады.

- Бірқатар сарапшылар БАҚ-на берген сұхбаттарында қор жылдың соңына дейін жоспарланған 64 нысанның барлығын сатып үлгермей жатыр, сондықтан жекешелендірудің сәтті жүзеге асырылуы күмән тудыратын мәселе деген пікір айтуда.

- Шынын айтсақ, біздің алдымызда олардың барлығын биылғы жылы сату туралы мақсат болған жоқ. Жекешелендіру тізімі бойынша үш жыл көлемінде 106 нысан жүзеге асырылмақ. Мен ҚР Үкіметі тарапынан бекітілген тізім жайында айтып отырмын. Болашақта бұл тізімнің өзгермейтіндігіне ешкім кепіл бола алмайды. Мысалы, 2011-2013 жылдар аралығында біз 405 активті жүзеге асырдық. Бұл бизнес үшін біздің нысандарға зор қызығушылықтың туындап отырғандығын көрсетеді. Бүгінде 64 нысанды сатуға дайындауымыз қажет. Олардың бір бөлігін биылғы жылы саудаға шығарсақ, енді бір бөлігін келесі жылдары сатамыз. Мен бұл нысандарды жекешелендіру бағдарламасына хабарландырусыз да сатар едік деп айта аламын. Иә, біздің жоспарымызда оларды 5 жылдан 10 жыл аралығында сату болған еді. Бірақ, Үкімет біздің акционеріміз ретінде орындалатын жұмыстардың басым бөлігінің жүзеге асырылуына үш жыл көлемінде уақыт белгілеп, өте жақсы серпін берді.  

- Аталған тізімге кәсіпорындар қандай өлшемдер бойынша іріктеліп алынды?

- Жекешелендірілетін нысандар мен активтерді таңдау қағидалары өте қарапайым. Мемлекет өз иелігінде қалатын аймақтарды, әсіресе «Самұрық-Қазына» АҚ-ның кәсіпорындары арқылы нақты белгілеп алды. Біріншіден, олар тұтастай елдің дамуы тәуелді стратегиялық маңызды республикалық салалар. Барлық дамыған елдерде, мысалы Құрама Штатар мен Германияда теміржол саласы мемлекеттің бақылауында. Сонымен қатар басқа да салалар бар. Яғни, құбырлар, газ құбырлары, электр тарату желілері, бір сөзбен айтқанда инфрақұрылымдық кәсіпорындар да мемлекетке тиесілі. Екіншіден, бұл инвесторлар тарапынан аса үлкен қызығушылыққа ие болмай отырған салалар. Аталған салалардың қызметіне мемлекет бизнеске қандай да бір кедергілер мен бәсекелестік тудырмай қатысады. Қазіргі таңда мемлекет өз тарапынан міндетті түрде қатысуға тиісті нысандарды анық белгілеп отыр.  Сондай-ақ, кез-келген компаниядағыдай «Самұрық-Қазына» АҚ-ның да даму стратегиясы бар. Егер де қандай да бір қызмет түрі стратегиясы мен бейініне сай келмесе, біз олардан құтылуға тырысамыз. Міне, жоғарыда айтылған тізімнің пайда болуының басты өлшемі осы болса керек.

 - Ал сатылған кәсіпорындардың жаңа қожайындары кімдер? Жуырда Мәжілісте кампания жеткілікті деңгейде ашық өткізілмей отыр деп жекешелендіру мәселесі талқыға салынған болатын және әсіресе сатып алушылар есімдерінің құпиялылығы депутаттардың наразылығын тудырды.

- Менің ойымша, бұл сұрақтың маған еш қатысы жоқ. Ережені біз бекітпейміз. Біз сүйеніп жұмыс жасайтын заң бар. Білуімше, Ұлттық кәсіпкерлер палатасында сатып алушылардың аты-жөндерін ашу-ашпау туралы қызу пікірталас жүргізілуде. Дегенмен олар сөзсіз қандай да бір ортақ шешімге келеді деп ойлаймын. Мен бір нәрсені анық білемін. Қор барлық процедураларды анағұрлым ашық өткізуге ниетті.
Сатылатын және сатылған нысандар туралы барлық ақпарат ресми сайтта орналастырылған. Барлық еншілес ұйымдар мен Қор ішінде активтерді жүзеге асыру жөніндегі Комиссия жұмыс істейді. Комиссия құрамына Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері мен депутаттар мүше болып кіреді. Сәйкесінше сатуға қатысты барлық шешімдер қоғам бақылауында. Конкурс ҚР Қаржы министрлігінің электронды алаңында өтетіндіктен сырттан араласу жоқ және сауданың нәтижелеріне қалай да әсер ету мүмкін емес.

- Бұған дейін хабарланғандай конкурсқа қазақстандықтармен қатар шетелдік азаматтар да қатысы алады. Осы орайда біздің отандастарымызға қандай да бір басымдылықтар беріледі ме?

- Менің ойымша бізде мұндай шектеулер болмайды. Ал егер болып жатса, тек ағымдағы заңнамамен байланысты болады. Егер қорғаныс үшін тұтастай стратегиялық маңызды болып табылса, егер заңнамаға сәйкес қандай да бір процедуралар өткізу қажет болса, мысалы стратегиялық нысан бойынша Комиссияның шешімін алу қажет болса, әрине ондайда бейрезидент қатысуына шектеулер қойылады. Бірақ жалпы алғанда біз Қор ретінде мұндай шектеулер орнатауға мүдделі емеспіз. Яғни шетелдік азаматтар саудаға қалыпты шарттар бойынша қатыстырылады.

Сатылған кәсіпорындар өздерінің бүгінгі бейіндері бойынша жұмыс істемейді және жаңа қожайындар бұл кәсіпорындарды қайта құру туралы шешім қабылдауы мүмкін деген қауіп-қатері бар ма? Жалпы мұны қауіп-қатер деп айта аламыз ба?
 
- Егер біз тәуекелге бармайтын бизнесті білетін болсақ, барлығымыз бақытты болар едік. Кез-келген бизнесте сатушы да, сатып алушы да тәуекелге барады. Олар қашанда болады. Мысалы, қазіргі таңда энергия тасымалдаушылардың бағасы түсіп отыр. Әрине бұл өз кезегінде қандай да бір тәуекел. Сондықтан аталған жекешелендіру барысында әлеуметті сатып алушылар үшін қауіп-қатер болмайды деу  қиын. Дегенмен біз олармен бірдей жағдайдамыз. Бәлкім біз кәсіпорындарды әділ бағасынан төмен бағаға сатауымыз мүмкін. Біз де тәукелге барамыз. Сатушы ретін «нысанды сатып ал да бақытта бол, ешқандай қауіп-қатер жоқ» деп кепілдік бере алмаймыз. Бірақ мемлекеттік компания ретінде оларды жоюға тырысамыз. Бірінші кезекте мен жұмысшылар ұжымына қатысты қауіп-қатерлер жайында айтып отырмын. Электронды конкурс арқылы сатылатын нысандар бойынша мәміле жасалған соң бір жыл көлемінде қызметкерлерді жұмыстан шығармай, олардың қызмет етуіне мүмкіндік берулерін, компанияның қызмет бейінін сақтауды талап етеміз. Яғни, жаңа қожайынның келуімен қандай да бір өзгерістер орын алып жатса, осы жыл ішінде қызметкерлер мамандықтарын өзгертіп, жаңа жұмыс табуларына мүмкіндік беру. Бірақ біз саудаға шығарылатын нысандар бойынша белгілі бір деңгейде сенімдіміз. Олар экономикалық даму жағынан өте тұрақты болып келеді және жаңадан келген қожайындар үшін бұл бизнесті қайта мамандандырудың қажеттілігі туындамайды деп ойлаймыз. Негізінен тұрақты пайда әкелетін бизнес болғандықтан, қысқартылып қоймай, қайта жаңа жұмыс орындар аша отырып, аталған кәсіпорындар бизнестерін кеңейте түседі деп ойлаймын. 

- Қор активтерді сатудан пайда түсіруге ниетті екендігі белгілі. Ал түскен пайда қандай мақсатта жұмсалатын болады?

- Әрбір кәсіпкер әдетте активтерді өз бизнесінің дамуына салу үшін сататындығы белгілі. Яғни, ағымдағы операциялық шығыстарға жұмсамай, қайта бизнестің дамуына салуға тырысады. Сондықтан қарапайым тілмен айтқанда, бұл әдеттегі инвестициялық жоба және біздің Қор тобында аталған жобалардың қоржыны орасан зор. Саудадан түскен пайда жақын 10 жыл ішінде жоспарланған перспективалық инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуына салынатын болады. Мұндай жобалардың жалпы қоржыны бүгінгі таңда 150 млрд долларды құрайды. Тұтастай алғанда, Қор нысандарын жүзеге асырудан түскен қаражатты перспективалық инвестициялық жобаларға салатын болады.

Дереккөз: Бизнес & Власть