Қауіпсіздік бәрінен де маңызды. Қазақстанның еңбекті қорғаудағы тәжірибесі әлемдік деңгейде жоғары бағаланды

Қауіпсіздік бәрінен де маңызды. Қазақстанның еңбекті қорғаудағы тәжірибесі әлемдік деңгейде жоғары бағаланды

996

05 Тамыз 2022

«Самұрық-Қазына» АҚ-ның еңбекті қорғау саласындағы сарапшылары 3-5 тамыз аралығында Картахенде (Колумбия) өткен Occupational Risk Prevention XXII дүниежүзілік конгресінде өз тәжірибесімен бөлісті.

Ауыз толтырып айтуға болады

«Самұрық-Қазына» АҚ-да 2022 жыл – Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жылы болып жарияланды. Қор тобының барлық компаниялары өндірістік қауіпсіздік жүйесін (HSE) жақсартуға барынша көңіл бөледі. Өндірісті автоматтандыруды енгізу жөніндегі іс-шаралар, алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша тегін шебер-кластар өткізіледі. Қызметкерлердің балалары ата-аналарын жұмыста абай болуға және қауіпсіздік техникасын сақтауға шақыра отырып, бейнероликтер мен суреттер дайындайды.

Осы бағытта қазірдің өзінде жетістіктерге қол жеткізілді: 2021 жылы «Самұрық-Қазына» тобының компанияларында 2019 жылмен салыстырғанда ауыр жазатайым оқиғалардың саны 32%-ға төмендеді. Қор инциденттер санын одан әрі азайтуға ұмтылады және өндірісте жарақаттануға «нөлдік төзімділік» бойынша Vision Zero жаһандық тұжырымдамасын ілгерілетуде.

Қазақстанның жетістіктері

Қазақстан – форумға шақырылған ТМД-ның жалғыз елі. 

«Посткеңестік кеңістіктегі іс-шараға қандай елдердің өкілдерін шақыру туралы мәселе туындаған кезде, біз бірден біздің тізімге бірінші болып Қазақстан енгізіледі деп шештік. Еліміз аса қысқа мерзімде үлкен қадамдар жасады, бұл ең маңызды құндылықтарды – қызметкерлердің денсаулығы мен әл-ауқатын нығайтуға және ілгерілетуге мүмкіндік береді», - деді Кәсіби тәуекелдердің алдын алу жөніндегі халықаралық қордың президенті Ханс-Хорст Конколевски. 

«Самұрық-Қазына» корпоративтік университетінің (СҚКУ) мамандары шақыруды қабылдап, әлемдік қауымдастықпен Қазақстандағы еңбекті қорғау тәжірибесімен бөлісті.

«Менің таныстырылымым Қазақстанда «Vision Zero» тұжырымдамасы аясында 5Z ережелерін енгізу мәселелеріне арналды: біз неден бастадық, қайда тұрмыз. Тұжырымдама бес нөлдің ережеге: жазатайым оқиғалардың, аурудың, ластанудың, қысым көрсетудің, хабарсыздықтың болмауына негізделген», - дейді сарапшы Виктор Поднебесный.

Оның әріптесі Асхат Сариев «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-дағы еңбекті қорғау жөніндегі мобильді қосымшаны ұсынды: «Біз қызметкерлерге қауіпті іс-қимылдардың алдын алуға, бюллетеньдер алуға, тексерулер, сауалнамалар жүргізуге, жедел желіні пайдалануға және басқа да көптеген функцияларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін интеграцияланған мобильді қосымшалары бар веб-платформа жайлы әңгімелеп бердік. Қазіргі уақытта қосымшаны қолданушылар саны 100 мың адамды құрады, бұл барлық қызметкерлердің 98%-ын қамтиды».

Қазақстанның мамандары әлемдегі еңбекті қорғауға қатысты, мысалы, немістің Siemens, БҰҰ, Халықаралық еңбек ұйымы және Vision Zero басқару комитеті сарапшыларынан және басқа да халықаралық ұйымдардан озық жаңалықтармен танысты.

Енді олар өз әріптестерінің өмірі мен денсаулығын қорғау және тіпті құтқару үшін оларды Қазақстанда тәжірибеге енгізуге дайын.