Нұрлан Жақыпов Францияның Orano Group компаниясының басшылығымен кездесті
475
03 Қыркүйек 2026
«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов Orano компаниясының Директорлар кеңесінің төрағасы Клод Имовенмен кездесті.
Тараптар ынтымақтастық мәселелері мен атом өнеркәсібі саласындағы бірлескен жобаларды дамыту перспективаларын талқылады. Orano — Қазақстанның атом өнеркәсібіндегі ұзақ жылдардан бергі стратегиялық серіктесі.
Orano мен «Қазатомөнеркәсіп» компанияларының бірлескен кәсіпорны — «КАТСО» екі елдің уран өндіру саласындағы табысты әрі ұзақ мерзімді ынтымақтастығының басты үлгілерінің бірі болып қала береді.
Orano S.A. — халықаралық өнеркәсіп компаниясы, Францияның атом өнеркәсібіндегі көшбасшы ұйымы әрі уран өндіру саласында Қазақстанның стратегиялық серіктесі.
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» Қазақстанның екі өңірінде орманды қалпына келтіруге а...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазынаға» 20 жыл: үздік қызметкерлер марапатталды
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Қазақстан мен Бельгия арасындағы кеңейтілген ...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» компаниялары жылыту маусымына дайындық бойынша есеп б...