Нұрлан Жақыпов Samsung E&A басшылығымен кездесті
397
08 Қыркүйек 2026
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Samsung E&A компаниясының Президенті әрі бас директоры Хонг Намкунгпен кездесті.
Тараптар ынтымақтастық перспективаларын және Қазақстандағы ірі индустриялық жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады.
Нұрлан Жақыпов Samsung E&A компаниясының күрделі өнеркәсіптік жобаларды іске асырудағы жоғары сараптамалық деңгейін атап өтіп, «Самұрық-Қазынаның» Қазақстанда жұмыс істейтін кореялық компанияларды, оның ішінде бірлесіп инвестициялау және әріптестік тетіктері арқылы қолдауға дайын екенін жеткізді.

Samsung E&A (бұған дейін – Samsung Engineering) – Оңтүстік Кореяның Samsung Group құрамына кіретін жетекші инжинирингтік және жобалау-құрылыс компанияларының бірі. Компанияның мұнай өңдеу, мұнай-химия және энергетика салаларындағы ірі жобаларды іске асыруда мол тәжірибесі бар.
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» Қазақстанның екі өңірінде орманды қалпына келтіруге а...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазынаға» 20 жыл: үздік қызметкерлер марапатталды
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Қазақстан мен Бельгия арасындағы кеңейтілген ...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» компаниялары жылыту маусымына дайындық бойынша есеп б...