«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Корея геоғылымдар және минералдық ресурстар институтының (KIGAM) президенті Квон И Кюнмен кездесті
478
14 Қыркүйек 2026
Тараптар Қазақстан мен Кореяның тау-кен өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ геологиялық барлау және стратегиялық маңызды минералдарды өндіру саласындағы бірлескен жобалардың перспективаларын талқылады.
KIGAM мен «Тау-Кен Самұрық» АҚ арасындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды. Бірлескен жүйелі жұмыстар 2024 жылы ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, «Тау-Кен Самұрық» және KIGAM арасында меморандумға қол қоюдан басталды.

Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықты әрі қарай нығайту мәселелерін талқылады.
KIGAM кен орындарының ресурстық әлеуетін бағалау және минералдық-шикізат жобаларына кешенді талдау жүргізумен айналысады.

{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» Қазақстанның екі өңірінде орманды қалпына келтіруге а...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазынаға» 20 жыл: үздік қызметкерлер марапатталды
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Қазақстан мен Бельгия арасындағы кеңейтілген ...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» компаниялары жылыту маусымына дайындық бойынша есеп б...