Нұрлан Жақыпов Ұлыбританияның Сауда министрімен кездесті
251
08 Қазан 2026
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Қазақ-Британ іскерлік кеңесінің V отырысы қарсаңында Ұлыбританияның сауда жөніндегі мемлекеттік министрі Анас Сарвармен кездесті.
Тараптар сауда-инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын, оның ішінде ұзақ мерзімді капитал тарту, инфрақұрылымды, энергетиканы, көлік пен логистиканы дамыту, цифрландыру, сондай-ақ заманауи қаржылық және технологиялық шешімдерді қолдану мәселелерін талқылады.
Кездесуде жұмысын қайта бастаған Қазақ-Британ іскерлік кеңесінің қызметіне де ерекше назар аударылды. Нұрлан Жақыпов кеңесті екі ел компаниялары арасында нақты жобалар мен жаңа серіктестіктерді ілгерілетуге бағытталған тұрақты әрі тәжірибелік алаңға айналдырудың маңызын атап өтті.
Қазақ-Британ іскерлік кеңесі – Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы іскерлік және инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға арналған алаң. Кеңес 2015 жылы құрылған, Қазақстан тарапынан «Самұрық-Қазына» қоры оның тең төрағасы қызметін атқарады.

{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» Қазақстанның екі өңірінде орманды қалпына келтіруге а...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазынаға» 20 жыл: үздік қызметкерлер марапатталды
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Қазақстан мен Бельгия арасындағы кеңейтілген ...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» компаниялары жылыту маусымына дайындық бойынша есеп б...