«Самұрық-Қазына» АҚ тағы да 17 активін сатуға шығарады.
Биылғы жылы «Самұрық-Қазына» АҚ Жекешелендіру бағдарламасы аясында өзіне тиесілі 17 активті сатуға шығарады. Оның ішінде «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ, «Алматы электр станциялары» АҚ, «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС және «ТегісМұнай» ЖШС сияқты бірақатар ірі компаниялар бар. Қор қызметкерлері ел экономикасындағы күрделі жағдайға байланысты олардың бұған дейінгі жоспарларына түзетулер енгізуге тура келетіндігін жасырмайды. Алайда, мемлекет өз тарапынан болашақ инвесторларға қол ұштарын беріп, жекешелендірудің қазіргі тәртібін жеңілдетуге дайын.
Өткен жыл Қазақстан экономикасы үшін оңайға соқпады. Сарапшылардың болжамдары бойынша биылғы жылы елеулі оң өзгерістерді күтпеген жөн. Қазақстан бір бөлшегі болып табылатын дүниежүзі қатаң турбуленттік аймаққа өтіп отыр. Дегенмен Үкімет инвесторлардың өз қаражаттарын міндетті түрде отандық экономикаға салуын ынталандыру үшін қосымша өлшемдер енгізуге әзір.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Мемлекеттік меншікті сату және жекешелендіруден кейінгі бақылау басқармасының басшысы Дәулет Шағыровтың айтуынша биылғы жылы мекеме сауда ұйымдастырушыларға арнап сауда өткізу тәртібін жеңілдетуге мүмкіндік беретін мемлекеттік активтерді сату ережелеріне өзгертер енгізу жобасын әзірлеп қойған. Өзгерістер кепілдеме жарнаға да, яғни әрбір саудаға қатысушы кепілдеме ретінде төлеуге тиісті сомаға қатысты болмақ. Дәулет Шағыровтың сөзіне сенсек, бұған дейін әлеуетті инвесторлар саудаға қойылған нысандар құнының, қандай сомаға бағаланса да, 15%-ын төлеуге міндетті болатын. Ал енді жарнаның жоғарғы шегін 60 млн теңгеге дейін шектеу шешімі қабылданып отыр.
«Кепілдеме жарнаны төлеу сауда қатысушыларына бір айға дейін айтарлықтай ірі соманы айналымнан шығаруға қатысты үлкен қиындықтар туындадып жатады. Мысалы, егер нысан 10 млрд теңгені құраса, сәйкесінше өндірістен 1,5 млрд теңгені шығаруға тура келеді. Бұл, әрине, нарықтың кез-келген қатысушы үшін мұндай шешімді қабылаудау оңай емес», - деді «Самұрық-Қазына» АҚ-ның Алматыда ұйымдастырған «Жекешелендірудің екінші толқыны: Бағдарламаның алғашқы нәтижелері мен оның жаңа экономикалық жағдайлардағы келешегі» атты дөңгелек үстел барысында Дәулет Шағыров.
«Дөңгелек үстел» 2014 жылы Елбасының тапсырмасы бойынша тұсауын кескен Жекешелендіру бағдарламасының алғашқы нәтижелерін жасау және оның әрі қарай сәтті жүзеге асырылуын қамтамасыз ету үшін сарапшылар бірлестігімен және кәсіпкерлермен түрлі бастамаларды талқылау мақсатында ұйымдастырылған болатын. Қор үлесіне Жекешелендіру бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын әрбір алтыншы актив тиесілі.
Аталған шараның өтуі барысында «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Елена Бахмутова атап өткендей, 2014 жылы сатуға шығарылуы жоспарланған 64 активтің 59-ы саудаға қойылды. Қалған 5 активтің жекешелендірілуі 2016 жылға ауыстырылды. Бүгінгі таңда жалпы құны 24 млрд теңгеден астам сомаға 24 компания жүзеге асырылды. Бұл бағалау құнынан әлде қайда жоғары көрсеткіш. 2015 жылы Қор тобының 17 активін сатуға шығару көзделіп отыр.
Дегенмен, Қор қызметкерлері компанияларды қалай да болсын сату мақсатымызда жоқ дегенді айтады. «Сатылмаған активтердің өкіміне қатысты бірқатар анағұрлым ықтимал амалдар бар. Соның ішінде, қолайсыз ішкі және сыртқы экономикалық шарттарда Қор активтердің жүзеге асырылу мерзімдеріне түзетулер немесе өзгертулер енгізу туралы шешім қабылдай алады. Бұл орайда, әрине, жалғыз акционер - Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүддесі сақталатын болады», - деді Елена Бахмутова. Сондай-ақ, ол жекешелендіру барысында Қор экономикалық мақсаттылыққа ерекше көңіл бөлетіндігін және сатылмаған компаниялардың әрі қарайғы тағдыры да осы принципке сәйкес шешілетіндігін ерекше атап өтті.
Макроэкономикалық зерттеулер орталығының директоры Олжас Құдайбергеновтың пікірінше, бүгінгі таңдағы Жекешелендіру бағдарламасының, активтердің сатылымалды дайындығынан бастап, тікелей сауда тәртіптерімен аяқтай отырғанда, басты басымдылығы оның ашықтығы болып табылады. Алайда, сарапшы Жекешелендіру бағдарламасын жүзеге асыру үшін басты қауіп-қатер оның бастамасы әлемдік экономикада дағдарыстық үдерістің басталуымен пара-пар келуі болуы мүмкін деп ескертеді. «Кәсіпкерлер бұл белгісіздік жағдайда инвестициялық шешімдер қабылдауға ниетті емес, сондай-ақ бұған девальвациялық болжамдар қосылып отыр», - дейді экономист.
Анықтама. 2014 жылы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ сатуға шығарылуы жоспарланған 64 активтің 59-ын сауда қойды. Қалған 5 активтің жекешелендірілу мерзімі 2016 жылға ауыстырылды. Бүгінгі таңда жалпы құны 24 млрд теңгеден астам сомаға 24 компания жүзеге асырылды. Бұл бағалау құнынан 1,35 есе жоғары көрсеткіш. Жалпы 2020 жылға дейін Қорға тиесілі 106 активтер мен нысандарды жекешелендіру көзделіп отыр.