«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ телекоммуникациялық операторындағы үлесін сатуда.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ ҚР Үкіметі бекіткен стратегиялық нысандар қатарына кіретін ең ірі қазақстандық байланыс операторларының бірі «Трастелеком» АҚ-дағы өзінің 49 пайыз үлесін әдейілеп сатып отыр. Аталған актив бойынша сауда ашық екі кезеңді конкурс формасында ұйымдастырылатын болады. Біздің басылымға хабарлағандай, қазіргі таңда компанияның ішінде конкурсқаң әлеуетті қатысушылардан өтінімдер қабылдау жүргізілуде. «Прайсуотерхаус Купере Такс энд Эдвайзори» ЖШС компаниясының бағалауы бойынша активтің жүзеге асырылу құны 6,8 млрд теңгені құрайды.
«Транстелеком» АҚ үлесін жүзеге асыру елімізде жарияланған басты мақсаты бизнестегі мемлекеттің қатысуына қысқартып, активтерді бәсекелестік ортаға шығару болып табылатын жекешелендіру бағдарламасы аясында өтеді.
Компания өз қызметін 1999 жылы «ҚТЖ»-ның бас операторы ретінде бастады. Компанияның басты міндеті сол кездегі теміржол байланыс жүйесін техникалық қолдау және жаңарту болатын. Алайда, бірнеше жыл өткеннен соң «Транстелеком» теміржолға қызмет көрсету аясынан шығып, перспективалы жаңа бағыттарды игере бастады. 2007 және 2012 жылдар аралығында қазақстандық теміржол монополисінің еншілес компаниясы Қазақстан астанасын Алматы және Петропавл сияқты қалалармен байланыстыратын талшықты-оптикалық желісін салу арқылы байланыс операторларын интернетке қосу бойынша нарықтағы көшбасшыға айналды. Бүгінде тұтастай елімізді қамтып отырған «Транстелекомның» талшықты-оптикалық желілерінің ұзындығы 11 мың шақырымнан асады. Компания қызметі тек қана интернет-коммуникациялармен ғана шектеліп қоймайды. Сонымен қатар компания жергілікті, қалааралық және халықаралық, конференциялық байланыс және радиобайланыс бойынша жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсетеді, тағы да спутниктік және радиорелелік телекоммуникация жүйелерін жасау және қолдану бойынша қызметтер атқарады. Компанияның радио және сым байланысы, телевидение, видео конференция құралдары және тағы да басқа техникалық жабдықтар құрастыратын жеке өндірістік базасы да бар. Бұдан басқа кәсіпорын инженерлік-геологиялық және инженерлік-гидрогеологиялық жұмыстармен, қала құрылысы жобаларымен де айналысады.
Сонымен қатар, «Транстелеком» «ҚТЖ»-ның тапсырысы бойынша елімізде теміржол желілерінде «Магистраль» электронды диагностикалық жүйесін қолданысқа енгізуді жүзеге асырып жатқан жалғыз оператор. Жобаны жүзеге асыру бірнеше жылға жоспарланған, ал оның тұжырымдамасы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ тарапынан қолдауға ие болып, ендігі қордың инвестициялық жобалары тізіміне енгізіліп отыр.
«Транстелеком» АҚ ақпараттық технологиялар бойынша директоры Владимир Соболевтің айтуы бойынша, қор қолдауына ие болған компанияның ұзақ мерзімді жобаларының бірі – «ҚТЖ»-ның жылжымалы құрамына энерго үнемдеу жүйесін енгізу бағдарламасы. «2025 жылға дейін «Энергодиспетчерлік тарту» БАЖ жобасы аясында 1240 тепловозға және 1043 электровозға арнайы құралдар орнатпақпыз. Бұл құралдар пойыздардың тарту күшін бақылауға ала отырып, локомотивтер жұмсайтын отын көлемін 7-13% дейін азайтатын болады. Осы жоба аясындағы екінші міндет – бұл локомотив шаруашылығындағы бизнес-процестерді толық ақпараттандыру. Жоба барысында локомотив паркін бақылау-өлшеу құралдарымен жарақтандыру жоспарланған. Тапсырыс беруші жүйені қолданғаны үшін айлық абоненттік төлем ғана төлейді, ал жүйені жасау және оған қызмет көрсету бойынша барлық шығынды «Транстелеком» өз мойнына алады»,- дейді Соболев мырза. Оның айтуы бойынша жобаның мақсаты көрме өткізу аясында 1Т-инфрақұрылымын құру үшін техникалық шешімдерді таңдау, қауіпсіздік жүйесі, SmartCityи SmartGrid технологияларын енгізу, жобалық-сметалық құжаттарды дайындау және «Астана ЕХРО-2017» нысандарын пайдалануға беру жұмыстарын жүргізу болып табылады. Бүгінде аталған жобаны жүзеге асыру үшін «Транстелеком» АҚ құрамында жоғары білікті сарапшылардан тұратын жобалық топ құрылған.
Компания ЭКСПО көрмесін ұйымдастыру және өткізу үшін озық технологиялар мен заманауи инновациялық шешімдер қолданылатындығын алға тартып отыр. Бұл жобаны жүзеге асыруда «Транстелеком» CISCO, HP, SAP, Microsoft, SIEMENS және SAMSUNG сияқты әлемдік танымал компаниялармен әріптестік орнатқан. Дегемен телекоммуникация мен байланыс компанияның әрі қарай дамуындағы басым бағыт болып қала бермек. J’son & Partners Consulting агенттігінің бағалауы бойынша, 2013 жылы қазақстандық телекоммуникациялық қызмет көрсету нарығы айналымы 647,3 млрд. теңгені құрады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша, сарапшылардың жобалауынша, бұл көрсеткіш 675,2 млрд. теңгені құрауы әбден мүмкін. Аналитиктердің бағалауынша нарық әлі молықтыруға жете қойған жоқ және оның жылдық өсімі 3-5 пайыз шамасына дейін жоспарланған.