«Самұрық-Қазына» АҚ-ның Маңғыстау облысындағы маңызды инфрақұрылымдық жобалары
1140
05 Қазан 2021
Үкімет отырысында 2021-2025 жылдарға арналған Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық Кешенді даму жоспары қаралды. Премьер-министр Асқар Мамин атап өткеніндей, құжатта көрсетілген іс-шаралар облыстың дамуына жаңа серпін береді. Негізгі капиталға инвестиция 2 есе ұлғайып, 2025 жылы 1,2 трлн теңгені құрайды.
Өңірдегі маңызды инфрақұрылымдық жобаларды «Самұрық-Қазына» АҚ жүзеге асырып келеді. Олардың ішінде Кендірлі кенті мен «Қаражанбас» кенорнындағы суды тұщылау зауыттарын салу және Жаңаөзен қаласында жаңа газ өңдеу зауытының құрылысы. Жалпы Қор тобының облыс экономикасына құйған инвестициялар көлемі 692 млрд теңгені құрады.
«Самұрық-Қазына» АҚ басқарма Төрағасы Алмасадам Сәтқалиев өз баяндамасында мәлімдегеніндей, аталған жобаларды іске асыру өңірдің қордаланып қалған проблемаларын шешуге, атап айтсақ, сумен және газбен қамту, жаңа жұмыс орындарын құру және бюджетке түсімдерді ұлғайтуға септігін тигізеді.
Бұдан бөлек, Кешенді жоспарда өңіл халқының әл-ауқатын арттыруға бағытталған басқа да бірқатар шарларды іске асыру көзделген.
Маңғыстау облысында Қор тобына жататын 30 мыңнан аса қызметкері бар 41 кәсіпорын мен филиал жұмыс істейді.
{{ $t('messages.news1') }}
Боао Азиялық форумы аясында «Самұрық-Қазына» АҚ басшысы Нұрлан Жақыпов...
{{ $t('messages.news1') }}
Бүгін «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов итальяндық ...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» АҚ Қор компаниялар тобының басшылары атынан әлеуметті...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» 7 компаниясы акциялары нарықта саудалануда – «Эйр Аст...