Тұрақты даму – француз компаниялармен ынтымақтастықтың негізгі басымдығы

Тұрақты даму – француз компаниялармен ынтымақтастықтың негізгі басымдығы

1186

15 Қазан 2021

14-ші қазанда «Самұрық-Қазына» АҚ басшылығы Францияның Қазақстан Республикасындағы Елшісі Дидье Канесспен бизнес секторындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. 

«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы Алмасадам Сәтқалиев қазақстандық және француздық компаниялардың тұрақты даму мақсаттарына жетуге негізделген жаңа ынтымақтастық үдерістеріне назар аударды.  

Қазіргі таңда «KEGOC» АҚ «Total Energies Kazakhstan» компаниясы ұсынған жалпы қуаттылығы 1 ГВт жуық гибридті жаңартылатын қуат көздерінің инновациялық жобасын және өндірілген қуатты жинақтап сақтау технологияларын сынақтан өткізу жобасын зерделеп жатыр. Баламалы энергетика саласында «EDF» компаниясымен көміртексіз энергокешендерінің құрамында шағын және орташа қуаттағы реакторларын жобалау, салу және пайдалану бойынша ынтымақтасу мүмкіндіктері қарастырылып жатыр. Кездесуге қатысушылар сонымен қатар сутегі энергетикасы мен көлік саласындағы бірлескен жобаларды іске асыруға мүдделі екендерін жеткізді. Атап айтсақ, Қордың портфельдік компаниясы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ және француздық «Air Liquide» сутектегі ұтқырлық жобасын іске асыру мүмкіндіктерін қарастырып жатыр.  «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ пен француздық «Alstom» холдингі локомотивтерді пайдалануда цифрлық шешімдерді енгізу жобасын пысықтау үстінде.  

Әңгіме қорытындысы бойынша тараптар барлық салалардағы ынтымақтастықты жаңа, сапалы деңгейге көтеруге екі жақтан да күш салуға уағдаласты. 

Франция Қазақстанның ең ірі сауда-инвестициялық серіктестерінің бестігіне кіреді. Біз Францияның Орталық Азиядағы негізгі экономикалық серіктесіміз. Екі ел арасындағы сауда айналымы 2,6 млрд доллардан асып жығылады.