2022 жыл «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобында еңбек қауіпсіздігін қорғау жылы деп жарияланды

2022 жыл «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобында еңбек қауіпсіздігін  қорғау жылы деп жарияланды

1495

27 Желтоқсан 2021

«Самұрық-Қазына» Қорында қоршаған ортаны қорғау және еңбек қауіпсіздігі мәселелеріне арналған кеңейтілген кеңес өтті. HSE (health, safety and environment) арнайы бөлімі Қор құрылымында Басқарма Төрағасының бастамасымен осы мақсаттарға жету үшін құрылған.

Алмасадам Сәтқалиев атап өткеніндей, «Самұрық-Қазына» компаниялар тобында еңбек ететін әрбір адам қауіпсіздік мәдениетін ұстануы тиіс. 

HSE мәселелерінің стратегиялық маңыздылығын ескере отырып, 2022-ші жыл «Самұрық-Қазына» Қорына кіретін компаниялар мен Қордың өзінде «Еңбек қауіпсіздігін қорғау» жылы деп жарияланды. 

Кеңейтілген отырыста биылғы жылдың 11 айында жүргізілген жұмыс барысында жарақат алуды азайту шараларының нәтижелері мен қоршаған ортаны қорғау және еңбек қауіпсіздігі бойынша қазіргі ахуал сөз болды. 

На расширенном совещании были рассмотрены текущая ситуация по охране труда, окружающей среду и техники безопасности, а также результаты работы по снижению травматизма за 11 месяцев текущего года. 

Бірқатар портфельдік компаниялардың басшылары өндірісте жарақаттанудың алдын алуға бағытталған шаралар туралы, сонымен қатар еңбек қауірсіздігін бойынша озық тәжірибелерді енгізу барысы туралы баяндама жасады.    

Қор басшысының пікірінше, өндірістегі оқыс оқиғалар ең алдымен портфельдік компаниялар басшылығын есе жіберуі себебінен орын алып, өндірістегі жарақаттануды жоққа шығару үшін бизнес-модельдерді қайта қарастыруды қажет етеді.

«Көп жағдайда қарапайым жұмысшылар біз «өндірістегі жарақаттануды» жоққа шығара алмаймыз деп санайды. Алайда, халықаралық алып компаниялардың тәжірибесі көрсеткеніндей, бұған әбден қол жеткізуге болады. Компаниялардың басшылары өздері үлгі көрсетуі керек. Әрбір қызметкердің қауіпсіздігі басты назарда болуы шарт», деді Алмасадам Сәтқалиев. 

Ол үшін компаниялар тобында кешенді аудит жүргізіп, HSE бойынша жүйелі ұсыныстар әзірлеу мәселесін қарастыру ұсынылды. Қор және оның портфельдік компаниялары үшін озық әлемдік тәжірибені ескере отырып, HSE бойынша ортақ стандарттар әзірлеу қарастырылады. Ал, аудит нәтижелері тәуекелдер мен кедергілердің кешенді бағалауын жүргізіп, біліктілік пен технологиялық қауіпсіздікке және мердігерлер қызметіндегі қауіпсіздік мәселелерін жүйелендіруге септігін тигізбек.