Даму стратегиясы

Біздің пайым
Жауапты инвестициялар арқылы адамдардың әл-ауқаты мен қоршаған ортаны қорғау қағидаттарында инновациялық дамуда серпіліс жасайтын ұлттық экономика көшбасшысы.
Біздің миссиямыз
Қазақстан Республикасы халқының мүддесі үшін активтердің әртараптандырылған портфелін тиімді басқару және бизнесті қолдау арқылы экономиканың орнықты дамуын қамтамасыз ету және ұзақ мерзімді құнды құру.

Есепті 2022 жыл жаһандық және жергілікті дағдарыстар мен күйзелістерді шиеленістіре отырып, алдыңғы жылдардағы трендті жалғастырды:

Қазақстан үшін экспорттық мүмкіндіктер терезесінің тарылуына себеп болған геосаяси жағдайдың күрделенуі;
COVID-19 коронавирусының жаңа штаммдарының таралу қаупі және жаңа карантиндік шектеулер қаупі;
инфляция мен әлеуметтік шиеленістің өсуі.

Мұның бәрі ұлттық экономика үшін және оның белсенді субъектісі ретінде «Самұрық-Қазына» АҚ үшін нақты проблемалар туғызды.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін қабылданған «Самұрық-Қазын» АҚ-ның 2032 жылға дейінгі жаңартылған даму стратегиясы (даму жоспары) өзгермелі жаһандық трендтер мен сын-қатерлерді ескере отырып дайындалды.

Сонымен қатар Қордың стратегиясы негізгі жалпыұлттық басымдықтарға сәйкес келеді және ел дамуының ұзақ мерзімді бағытын айқындайтын ұлттық құжат болып табылатын «Қазақстан-2050» стратегиясын іске асыруға ықпал етеді.

Айта кету керек, Стратегия алдыңғы жылдардағы ұқсас құжаттарға қатысты сабақтастықты сақтайды, жекелеген ережелерді толықтырады және нақтылайды.

Ел дамуының ағымдағы әлеуметтік-экономикалық конъюнктурасын және қордың рөлін назарға ала отырып, бүгінгі таңда инвестицияларды, ең алдымен, Қазақстан экономикасына шоғырландыру орынды. Осыған байланысты, алдағы 7 жылда Қорды басқару моделі елдің әлеуметтік және инфрақұрылымдық дамуын қолдау міндеттері бар стратегиялық холдинг ретінде айқындалды.

Қор 2030 жылға қарай Қордың стратегиялық активтеріндегі мажоритарлық үлесті сақтай отырып, нарықтың қолайлы конъюнктурасы кезінде инвестициялық холдинг жұмысының моделіне көшуі тиіс. Жаһандық ауқымда өзінің бәсекеге қабілеттілігі мен беделін нығайту мақсатында Қор портфельді әртараптандыруға және оны экспорттың жоғары үлесі бар серпінді жобалармен толтыруға ұмтылатын болады.

Стратегиялық мақсаттар

Таза активтердің құнын ұлғайту
  • Еңбек өнімділігін арттыру
  • Қаржылық тұрақтылық
  • Бизнес процестерді оңтайландыру және жетілдіру
  • Активтерді жаңғырту және цифрландыру
  • Жаңа қайта бөлуге шығу және салаларды құру 
  • ҒЗТКЖ және инновацияларды, жоғары технологиялық өндірістерді дамыту
Активтер портфелін тиімді басқару
Қор портфельдің сапасын оңтайландыруды және арттыруды, озық технологияларды енгізуді, сондай-ақ бизнесті жүргізу моделін жетілдіруді қамтамасыз етеді.
Бәсекелестікті дамыту
  • IPO/SPO және экономикадағы үлестің төмендеуі
  • Ірі инфрақұрылымдық жобалар 
  • Ресурстық базаны дамыту
  • Жаһандық серіктестік және инвестициялық қызметті үйлестіру
  • Жауапты және нарықтық тарифтер
  • Инфрақұрылым мен нарықтарға тең қол жетімділік
Бизнеске арналған экожүйе
Қор активтерді бәсекелес ортаға беру жөніндегі жұмысты жалғастырады. Бірлескен инвестор ретінде Қор тек жеке инвесторлар жүзеге асыра алмайтын маңызды жобаларға қатысады.
ESG қағидаттарын енгізу
  • Корпоративтік басқару
  • Ашықтық, транспаренттілік және сәйкестік
  • Әлеуметтік жауапкершілік 
  • H&S озық тәжірибелері
  • Адами капиталды дамыту
  • Ресурсты үнемдеу
  • Көміртексіздендіру
  • «Жасыл» қаржыландыру
Тұрақты даму
Адамдардың әл-ауқаты, экологиялық тепе-теңдік және озық бизнес тәжірибелері мен корпоративтік басқару принциптері негізінде ұзақ мерзімді қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету. Нәтижесінде активтердің ұзақ мерзімді құнының өсуі, инвестициялық тартымдылықтың артуы.