Қор Басқармасының құрамы

Нұрлан Қаршығаұлы Жақыпов
«Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, Басқарма төрағасы
Сайланған күні: апрель 2023 г.
Білімі:
  • РФ СІМ Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институты, халықаралық экономикалық қатынастар факультеті – Экономика бакалавры, Экономика магистрі, Экономика ғылымдарының кандидаты
Еңбек қызметі:

Нұрлан Қаршығаұлы 2001-2003 жылдары Еуразия өнеркәсіптік қауымдастығында (ENRC) қаржы талдаушысы болып жұмыс істеді. 2003-2004 жылдары Chambishi Metals PLC (Замбия, Китве қ.) бизнес менеджері және 2004-2007 жылдары Research, Investment and Development Ltd. жобалық менеджері болды. 2007-2009 жылдары Credit Suisse базалық материалдар командасы биржада сауда жасайтын компания акцияларының құны бойынша талдаушы болып жұмыс істеді. 2009-2011 жылдары «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» АҚ Басқарушы директоры, Басқарма мүшесі болды. 2011-2012 жылдары «RBS (Kazakhstan)» Еншілес банкі» АҚ Астанадағы өкілдігінің басшысы, Инвестициялық банкинг департаментінің директоры болды. 2012-2016 жылдары Инвестициялық банкинг департаментінің атқарушы директоры, Астана қаласындағы UBS AG Almaty Representative Office Өкілдігінің Басшысы болып жұмыс істеді, 2016-2017 жылдары «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ даму және инвестициялар жөніндегі Басқарушы директоры – Басқарма мүшесі болды. 2017-2019 жылдары «Астана» ӘКК» АҚ Басқарма төрағасы болып жұмыс істеді. 2019-2020 жылдары Қазақстанда Rothschild & Co өкілі болды. 2020 жылдан 2023 жылғы сәуірге дейін «Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) Management Company» Ltd. Басқарма төрағасы болып жұмыс істеді.

Ернар Бейсенұлы Жанәділ
Даму және жекешелендіру жөніндегі басқарушы директор – Басқарма мүшесі
Сайланған күні: 2017 жылғы қыркүйек
Білімі:
  • Қазақстан менеджмент, экономика және болжамдау институты (ҚМЭБИ), «Бухгалтерлік есеп» мамандығы;
  • Манчестер Бизнес мектебі, Манчестер Университеті (Ұлыбритания), магистр дәрежесі, Бухгалтерлік есеп және қаржы.
Еңбек қызметі:

Ернар Бейсенұлы әр жылдары Philip Morris Kazakhstan, халықаралық аудиторлық фирмасында жұмыс істеген. 2016 жылы «Самұрық-Қазына» АҚ қаржылық бақылаушысы лауазымына тағайындалып, кейіннен қаржы және операциялар жөніндегі басқарушы директор және Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директор – «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма мүшесі лауазымына бекітілді. Қазіргі уақытта Даму және жекешелендіру жөніндегі басқарушы директор – «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма мүшесі.

Нәзира Нұртөлеуқызы Нұрбаева
Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директор – Басқарма мүшесі
Сайланған күні: 2021 жылғы мамыр
Білімі:
  • Висконсин Ричланд орталығы университеті, АҚШ, «Бизнес-әкімшілендіру» мамандығы.
Еңбек қызметі:

Нәзира Нұртөлеуқызы еңбек жолын 1998 жылы PriceWaterhouse филиалында бастаған. 2002 жылдан 2003 жылға дейін салық қызметтері бойынша аға консультант ретінде қызметін жүзеге асырды. 2003 жылдан 2004 жылға дейін Lukoil Overseas Services, Ltd. компаниясының аға салық кеңесшісі болып жұмыс істеді. 2004-2014 жылдар аралығында «PriceWaterhouseCoopers World& Advisory» ЖШС-да аға менеджер болып жұмыс істеді. 2014 жылдан бастап 2020 жылға дейін «PriceWaterhouseCoopers World& Advisory» ЖШС директоры қызметін атқарды. 2020 жылғы маусымнан 2021 жылғы сәуірге дейін «Deloitte TCF» ЖШС Серіктес ретінде жұмыс істеді. 2021 жылғы сәуірден бастап «Самұрық-Қазына» АҚ Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры – «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма мүшесі қызметіне тағайындалды.

Ернат Құдайбергенұлы Бердіғұлов
Стратегия және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директор – Басқарма мүшесі
Сайланған күні: 2022 жылғы наурыз
Білімі:
  • 2007-2010 Торонто университеті, Канада, мемлекеттік саясат және халықаралық зерттеулер;
  • 2015-2018 Уорвик университеті, Ұлыбритания, іскери әкімшілік магистрі.
Еңбек қызметі:

Ернат Құдайбергенұлы еңбек жолын 2011 жылы «Самұрық-Қазына» АҚ-да бастаған. 2013-2018 жылдар аралығында «Самұрық-Энерго» АҚ-да түрлі департаменттердің директоры және Басқарма төрағасының кеңесшісі қызметтерін атқарды. 2019 жылдан 2021 жылға дейін Whiteshield Partners-те Жоба жетекшісі ретінде жұмыс істеді. 2021 жылдан бастап «Самұрық-Қазына» АҚ Стратегия, тұрақты даму және цифрландыру жөніндегі бірлесіп басқарушы директоры қызметін атқарды. 2022 жылғы ақпаннан бастап Стратегия және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директор – «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма мүшесі.

Николай Юрьевич Казутин
Құқықтық сүйемелдеу, қамтамасыз ету және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директор – Басқарма мүшесі
Сайланған күні: 2022 жылғы наурыз
Білімі:
  • Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті, «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы.
Еңбек қызметі:

Николай Юрьевич өзінің еңбек жолын 2001 жылы бастады және 2005 жылға дейін сақтандыру компанияларында қаржы талдаушысы ретінде жұмыс істеді. 2006-2016 жылдар аралығында «Прайсуотерхаускуперс Такс энд эдвайзри» ЖШС-да жұмыс істеді. 2016 жылдан 2020 жылға дейін Ішкі аудит қызметінің директоры және «Көкшетау минералды сулары» АҚ және «Шығыс Қазақстан өңірлік энергетикалық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі қызметтерін атқарды. 2020 жылдан 2022 жылға дейін ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды. 2022 жылғы ақпаннан бастап Құқықтық сүйемелдеу, қамтамасыз ету және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директор.

Елжас Мұратұлы Отыншиев
Стратегия және активтерді басқару жөніндегі тең басқарушы директор – Басқарма мүшесі
Сайланған күні: 2023 жылғы сәуір
Білімі:
  • Мәскеу физика-техникалық институты, «Жүйелік интеграция және менеджмент» мамандығы.
Еңбек қызметі:

Елжас Мұратұлы еңбек жолын 2007 жылы бастаған және 2009 жылға дейін Мәскеудегі «E&Y» консалтингтік компаниясында талдаушы ретінде жұмыс істеген. 2009-2012 жылдар аралығында «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» АҚ-да, сондай-ақ 2012-2014 жылдары «Самұрық-Қазына» АҚ-да Инвестициялық жобалар департаментінде жұмыс істеді. 2014 жылдан 2016 жылға дейін «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС-да Қордың инвестициялық қызметін жобалық талдау департаментінің директоры қызметін атқарды. 2016-2019 жылдар аралығында Жаңа жобаларды дамыту департаментінің жоба директоры және «Самұрық-Қазына» АҚ Активтерді дамыту департаментінің Тау-кен активтерін дамыту секторының басшысы лауазымдарын атқарды. 2019 жылдан 2021 жылға дейін Елжас Мұратұлы «PlanetCare Management» ЖШС-да бас директордың Инвестициялар және даму жөніндегі орынбасары лауазымында жұмыс істеді. 2021 жылғы мамырдан бастап 2023 жылғы сәуірге дейін «Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) Management Company Ltd» компаниясында Басқарма төрағасының орынбасары лауазымын атқарды.

Басқарма қызметі туралы есеп

2022 жылы Басқарманың 70 отырысы өткізілді, оның ішінде 55-і бетпе-бет және 15-і сырттай. 381 мәселе қаралды, оның 365-і бетпе-бет форматында.

 Қор Басқармасы қараған неғұрлым маңызды мәселелер:

  • Қордың портфельдік компанияларының 2021 жылғы жылдық қаржылық есебін бекіту;
  • Қордың Портфельдік компанияларының Директорлар кеңестерін және Байқау кеңестерін сайлау;
  • Қордың Портфельдік компанияларының бірінші басшыларын келісу және/немесе тағайындау;
  • Қордың Портфельдік компанияларының жарғылық капиталдарын толықтыру;
  • Қордың Портфельдік компанияларының Жарғыларына және өзге де ішкі нормативтік құжаттарына өзгерістер енгізу;
  • Қордың Портфельдік компанияларының Жарғыларына және өзге де ішкі нормативтік құжаттарына өзгерістер енгізу;
  • Қордың ішкі нормативтік құжаттарын бекіту және/немесе өзгерістер енгізу;
  • Қордың ұйымдық құрылымы мен штат кестесін өзгерту;
  • Қордың бюджетін түзету;
  • Вопросы приватизации;
  • Қордың мүдделілігі бар мәмілелерді мақұлдау.

2023 жылға арналған жоспарлар

2023 жылы мыналарды қарастыру жоспарлануда:

  • Қордың ағымдағы қызметінің мәселелері;
  • Қордың мәмілелері (мүдделі және/немесе ірі мәмілелер);
  • Қордың HR мәселелері (ұйымдастыру құрылымы, штат кестесі);
  • Портфельдік компаниялардың мәселелері (байқау кеңестерін/директорлар кеңестерін тағайындау, сайлау, жылдық қаржылық есеп, ішкі нормативтік құжаттар, жарғылық капиталды/акциялар санын ұлғайту, өзге заңды тұлғаларға қатысу мәселелері және т.б.);
  • Қордың ішкі нормативтік құжаттарын бекіту немесе өзгерту;
  • Есептер (Қордың құрылымдық бөлімшелерінің есептері және Қордың Директорлар кеңесіне шығарылатын есептер).

Басқарма жанындағы комитеттер

Басқарма қабылдайтын шешімдердің тиімділігін арттыру мақсатында жеті комитет жұмыс істейді: инвестициялық-стратегиялық; кадрлық; еңбекті қорғау, өндірістік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі; тұрақты даму; ақпараттық қауіпсіздік комитеті; ғылыми-техникалық кеңес және жаңғырту жөніндегі кеңес.

Инвестициялық-стратегиялық комитет

Инвестициялық-стратегиялық комитет қызметінің мақсаты мынадай мәселелер бойынша (тәуекелге бағдарланған шешімдер қабылдауды қамтамасыз етуді қоса алғанда) талқылау, ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу үшін алаң ұсыну жолымен Қордың стратегиялық тиімділігіне қол жеткізу үшін Қор активтерінің портфелін басқару кезінде шешімдер қабылдау кезінде тиімділікті арттыруға жәрдемдесу:

Қордың және ПК стратегиялық дамуы;

  • Қордың Активтер портфелін және Қордың инвестициялық жобалары мен ПК портфелін басқару;
  • тәуекелдерді басқару (қаржылық, инвестициялық, операциялық);
  • Инвестициялық саясатты, Кредиттік саясатты, Қарызды және қаржылық тұрақтылықты басқару саясатын іске асыру;
  • Инвестициялық қызмет жөніндегі, стратегиялық және бизнес-жоспарлау, ірі күрделі жобаларды басқару жөніндегі корпоративтік стандарттарды іске асыру.

2022 жылы Инвестициялық-стратегиялық комитеттің 70 отырысы өткізілді.

Кадр комитеті

Кадр комитетінің мақсаты Қордың кадр саясатын үйлестіруді және іске асыруды, адам ресурстарын басқару мәселелері бойынша ұсынымдық сипаттағы шешімдер дайындауды, Қор тобы үшін HR саласында әдіснамалық және сараптамалық-талдамалық қолдау көрсетуді қамтамасыз ету.

Кадр комитетінің құрамы Қор Басқармасының шешімімен айқындалады және Кадр комитетінің төрағасын қоса алғанда, кемінде бес тұрақты мүшеден тұрады. Кадр комитетінің жұмысына Жұмыс органының және Комитет хатшысының өкілдері (дауыс беру құқығынсыз) қатысады.

2022 жылы Қордың Кадр комитетінің 9 отырысы өткізілді, оның ішінде 7 бетпе-бет және 2 сырттай отырыс. Барлығы 30 мәселе қаралып, 59 шешім қабылданды.

Атап айтқанда, аталған отырыстарда мынадай мәселелер қаралды:

  • Қордың жекелеген жұмыскерлерінің лауазымдарын (грейдтерін) бағалау мәселелері;
  • 2022 жылғы бірінші жартыжылдықтың нәтижелері бойынша Қордың жекелеген жұмыскерлерін бағалау мәселелері;
  • Қор жұмыскерлерін оқыту және кәсіптік дамыту мәселелері;
  • ҚР Тәуелсіздік күніне және Республика күніне орай Қор тобының жұмыскерлерін марапаттау туралы мәселелер.

Жаңғырту жөніндегі кеңес

Жаңғырту жөніндегі кеңестің негізгі мақсаты Қор тобындағы трансформациялау бағдарламасын іске асыруға бағытталған қызметті басқару және үйлестіру және компанияларды тиімді басқарудың озық практикаларын, технологиялары мен стандарттарын енгізу.

Кеңес Қор Басқармасы жанындағы алқалы консультативтік-кеңесші орган, оның шешімдері Трансформация бағдарламасын іске асыру кезінде ескерілуге тиіс.

Жаңғырту жөніндегі кеңестің негізгі міндеттері:

  • Трансформациялау бағдарламасының мазмұнын, негізгі бағыттарын, қаржыландыру мәселелерін, тиімділігінің түйінді көрсеткіштерін, қамтылуы мен іске асыру мерзімдерін айқындау;
  • Қор мен компаниялар қызметінің функционалдық бағыттары бойынша Трансформациялау бағдарламасын енгізуді үйлестіру;
  • Қордағы және компаниялардағы Трансформациялау бағдарламасына қатысушылар арасындағы коммуникацияны қамтамасыз ету;
  • Трансформациялау бағдарламасын енгізу сапасына қойылатын бірыңғай талаптардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
  • Трансформациялау бағдарламасын іске асыру мониторингі, бағалауды жүзеге асыру, өзгерістерді енгізу нәтижелерін талдау, бағдарламаның өзін түзету;
  • Трансформациялау бағдарламасын іске асыру барысында туындайтын мәселелер мен проблемаларды, оның ішінде бірнеше компания үшін ортақ сипаты бар мәселелер мен проблемаларды жедел қарау;
  • Трансформациялау бағдарламасын іске асыру шеңберінде Қордың тиісті органдарының және Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының қарауына мәселелерді шығаруға бастамашылық ету.

Ғылыми-техникалық кеңес

«Самұрық-Қазына» АҚ ғылыми-техникалық кеңесі 2019 жылы құрылды. Ұлттық әл-ауқатты қамтамасыз ету үшін шешімдерді қабылдаудың алқалы және транспарентті процесінде, ҒЗТКЖ және инновациялар бойынша жобаларды таңдауда, есепке алуда, мониторингілеуде және бақылауда кеңестің негізгі рөлі.

2022 жылы Ғылыми-техникалық кеңестің 5 отырысы өткізіліп, оның қорытындысы бойынша 70 перспективалық жоба мақұлданды. Жалпы, ғылыми-зерттеу жұмыстарына 120-дан астам өтінім қаралды.

«Самұрық-Қазына» АҚ ҒЗТКЖ және инновациялар жөніндегі корпоративтік стандарты жаңа редакцияда бекітілді, ол ҒЗТКЖ және Қор тобының инновациялық портфелін басқарудағы бірыңғай тәсілді регламенттейді.

Еңбекті қорғау, өндірістік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау комитеті

Еңбекті қорғау, өндірістік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі комитет қызметінің мақсаты Қор Басқармасы мен ПК Директорлар кеңесіндегі Қор өкілдері үшін ұсынымдар әзірлеу, сондай-ақ Қор компаниялары тобында дербес қауіпсіздікті және авариясыз өндірісті қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жетілдіруге бағытталған өндірістік қауіпсіздік саласындағы портфельдік компаниялар жүргізетін іс-шараларды үйлестіру.

HSE комитеті үш жыл бойы проблемалық мәселелерді талқылау, тәжірибе алмасу, сондай-ақ өндірістік қауіпсіздік (бұдан әрі – ӨҚ) саласындағы стратегиялық бастамалар мен идеяларды қарауға шығару бойынша диалог алаңы ретінде табысты қызмет етеді.

2022 жылы HSE комитетінің 5 отырысы өткізілді, оның шеңберінде мынадай өзекті мәселелер талқыланды:

  • ӨҚ саласындағы ПК қызметінің ілгерілеуі мен нәтижелері, оның ішінде «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобында жарияланған «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жылы» шеңберінде Health & Safety бойынша Іс-шаралар жоспарының орындалу мәртебесінің мониторингі;
  • жазатайым оқиғаларды тергеу нәтижелері және қабылданған іс-шаралар;
  • озық практикаларға негізделген нормативтік құжаттардың ішін біріздендіру және әзірлеу;
  • ӨҚ процестерін цифрландыру бойынша бірқатар шешімдер қаралды.

Осылайша HSE комитетінің 2022 жылғы қызметі Қор компаниялары тобындағы жарақаттанушылықты азайтуға бағытталған. Комитеттің жұмыс істеуінің арқасында 2022 жылы өндірістегі жазатайым оқиғалардан зардап шеккендер саны 2021 жылмен салыстырғанда 133-тен 111 адамға дейін 16%-ға төмендеді.

LTIF коэффициенті 0,16-ны құрады.

Өлім-жітім коэффициенті (Fatal Accident Rate) 11%-ға төмендеді.

Тұрақты даму комитеті

Тұрақты даму комитетін құрудың мақсаты ПК Директорлар кеңесіндегі Қор Басқармасы мен Қор өкілдері үшін ұсынымдарды пысықтау, сондай-ақ портфельдік компаниялар тұрақты даму саласында жүргізетін іс-шараларды үйлестіру, атап айтқанда:

  • тұрақты қағидаттарына жоспарлы және үздіксіз ұстану жүйесін енгізу;
  • мүдделі тараптармен өзара іс-қимылдың тиімді жүйесін әзірлеу, Компанияның тұрақты даму саласындағы стандарттарды ұстанатынын растау;
  • мүдделі тараптардың мүдделерін ескере отырып, ұзақ мерзімді кезеңде олардың орнықтылығына нұқсан келтірмей Қордың және ПК стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуді қамтамасыз ету.

2022 жылы Тұрақты даму комитетінің, Қор компанияларының тобы бойынша тұрақты дамудың өзекті мәселелері бойынша, оның ішінде энергия және ресурс үнемдеу мәселелері бойынша бір отырысы өткізілді.

Ақпараттық қауіпсіздік комитеті

Ақпараттық қауіпсіздік комитетін құрудың мақсаты Қор басқармасына, Қор тобында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің бірыңғай жүйесін құру және дамыту бойынша ұсынымдар әзірлеу, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, ПК ақпараттық технологиялар бөлімшелерімен және өзге де тұлғалармен өзара іс-қимылды ұйымдастыру.

Есептік кезеңде АТ-кеңес шеңберінде Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің отырыстары өткізілді, онда портфельдік компанияларда ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша ұсыныстар әзірленді. Сондай-ақ портфельдік компаниялардың АҚ стратегиясы мен қауіпсіздік ақпаратының деңгейін арттыру бойынша жобалар қаралды.