150,7
мың м2жылжымайтын мүлікті пайдалануға беру

Құрылыс секторын қолдау

«Samruk-Kazyna Construction» акционерлік қоғамы (бұрынғы Қазақстанның жылжымайтын мүлік қоры) – 2009 жылғы 6 наурызда ҚР Үкіметі жылжымайтын мүлік нарығындағы жағдайды тұрақтандыру, атап айтқанда үлескерлердің проблемаларын шешу және проблемалық объектілерді аяқтау мақсатында құрған девелопер-компания. Бастапқыда компанияның міндеті салынып жатқан объектілерде тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды сатып алу және осы мүлікті тиімді басқаруды қамтамасыз ету болды. Ұлттық оператор ретінде компания «Қолжетімді баспана-2020», «Нұрлы Жер» мемлекеттік бағдарламаларын іске асыруға және Қордың компаниялар тобы қатысатын басқа да бірқатар өңірлерде қатысты.

2019 жылғы наурызда компания акцияларының 100%-ын ҚР Үкіметі жалғыз акционерге – «Самұрық-Қазына» АҚ-ға берді. Жаңартылған даму стратегиясына сәйкес, жылжымайтын мүлік компаниясы мемлекеттік бағдарламалар операторының функцияларынан Қор компаниялары тобы үшін құрылыс пен жылжымайтын мүлікті басқару саласында қызметтер көрсетуге көшеді.

Қызметтің негізгі нәтижелері

Көрсеткіш

2021

2022

өндірістік көрсеткіштер:

жылжымайтын мүлікті пайдалануға беру, мың м2

8,18

150,65

сатылған жылжымайтын мүлік, мың м2

29,07

99,08

шикізаттық емес тауарлар мен қызметтерді шығару, млн теңге

22,04

26,09

еңбек өнімділігі, млн теңге/адам

170,62

255,08

қаржылық көрсеткіштер, млрд теңге:

түсім

14,31

19,64

дивидендтер

1,02

2,03

таза кіріс

9,78

5,28

операциялық кіріс

9,51

9,52

таза қарыз

93,36

71,94

төленген салық көлемі

2,57

2,28

«Жайлы мектеп»

Ұлттық жобаның мақсаты – авариялық мектептерді, үш ауысымдық оқытуды және орта білім беру ұйымдарындағы оқушы орындарының тапшылығын жою. Қаржыландыру көздерi: Ұлттық қордың қаражаты есебiнен – 646 535 206 мың теңге, республикалық бюджет қаражаты есебiнен – 1 960 060 849 мың теңге.

Ұлттық жобаны іске асыру үшін қажетті қаржыландырудың жалпы көлемі – 2 606 596 055 мың теңге. Бірінші тетік бойынша Ұлттық жобаны іске асыру уақытында пайдалануға берілетін объектілердің жалпы саны – Қазақстан Республикасының 20 өңірінде 401 мектеп.

Орта білім беру ұйымы объектілерінің жобалық қуаттары: 300, 600, 900, 1 200, 1 500, 2000, 2 500 білім алушы. Ұлттық жобаны іске асыру үшін Қоғамға бөлінген қаражатты қайтару орта білім беру ұйымдарының объектілерін жергілікті атқарушы органдардың меншігіне беру жолымен, осы объектілерді пайдалануға берумен бір мезгілде жүзеге асырылатын болады.

2023 жылдан бастап «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Орта білім беру ұйымдарының нысандарын мақсатты салу дирекциясымен анықталды. Компания Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес жобаны басқаруды жүзеге асырады, бұл ретте тапсырыс берушінің функциясы берілген.

Қаржылық нәтижелер

2022 жылдың қорытындысы бойынша компанияның таза кірісі 5 284 млн теңгені құрады, жоспарлы таза кірісі 8 178,6 млн теңгені құрады. Ресей рублінің жоғары құбылмалылығы қаржылық нәтижеге кері әсерін тигізді: компания қыркүйектің бірінші онкүндігінде өтелген бұрын жүргізілген рубльдік қарыз бойынша (рубль үшін өтеу күніндегі бағам бойынша 7,84 теңге) және рубльдік облигациялық қарыз бойынша (есепті кезеңнің соңындағы бағам бойынша рубль үшін 6,43 теңге) бағамдық айырмадан шығын деп таныды.

Құрылыс саласын қолдау

2022 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Астана, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Қонаев және Өскемен қалаларындағы 11 объект бойынша тұрғын үй құрылысына инвестициялау шарттары жасалды, олар бойынша компанияның жылжымайтын мүлік пулы 362,98 мың м2 құрайды, жобалардың жалпы құны – 129 млрд теңге, оның ішінде компанияның меншікті инвестицияларының көлемі – 55,3 млрд теңге. Жобалардағы Қоғамның үлесі орта есеппен 60%-ды құрайды. Оның ішінде 2022 жылы үш жоба іске қосылды және үш жоба ішінара іске қосылды, пайдалануға берілген жылжымайтын мүліктің Қоғамның жалпы үлесі 150,7 мың м2 құрады, 99,1 мың м2 іске асырылды. Осы жобаларды қаржыландыру өз қаражаты және нарықтық шарттарда қарыз қаражатын тарту есебінен жүзеге асырылады.

«Samruk-Kazyna Construction» АҚ алдына қойылған міндеттердің бірі импортты алмастыратын құрылыс материалдарын өндіретін зауыттардың бағдарламасына қатысу. 2022 жылы компания Астанада шатыр және қаптау материалдарын шығаратын зауыттың құрылысына инвестициялау шартын жасасты. Жобаның құны – 2,6 млрд теңге.

Жобада жылына 630 000 бірлікке дейін металл шатыр элементтерін және жылына 2 200 000 бірлікке дейін қаптау материалдарын өндіру көзделген.

Зауыт пайдалануға берілгеннен кейін 70-ке жуық жұмыс орны ашылады, Құрылыс процесіне 90-нан астам адам тартылады.

2022 жылғы 19 тамызда «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының аумағында Астана қаласында шатыр және қаптау материалдарын шығаратын зауыт құрылысының орнына капсула отырғызылды.

Операциялық тиімділікті арттыру

2022 жылы компания жалдау төлемдерін басқару жүйесін автоматтандыруды бастады.

Кадрлық іс жүргізу бойынша корпоративішілік бизнес-процестерді автоматтандыру шеңберінде SimBASE электрондық платформасы енгізілді.

2023 жылға арналған жоспарлар

2023 жылы Қоғам Астана, Алматы, Ақтөбе, Қонаев қалаларында 5 тұрғын үй кешенінің құрылысын аяқтауды жоспарлап отыр. Бірінші кезекте Астана қаласында шатыр және қаптау материалдарын шығаратын зауыт құрылысын аяқтау; «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде 20 өңірде мектеп құрылысын бастау.