Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау

Тәуекелдерді басқару жүйесі қолданылатын заңнаманы және ішкі талаптарды сақтау саласындағы шынайы есептілікті дайындау саласындағы стратегиялық, операциялық мақсаттарға, мақсаттарға қол жеткізуге ақылға қонымды сенімділікті қамтамасыз етуге арналған. Ішкі бақылау анық есептілікті дайындау, қолданылатын заңнаманы, Қордың және оның Портфельдік компанияларының ішкі талаптарын сақтау саласындағы операциялық мақсаттарға, мақсаттарға қол жеткізуге шоғырланады.

Тәуекелдерді басқарудың және ішкі бақылаудың корпоративтік жүйесінің міндеттері:

  • тәуекел-мәдениетті арттыру және тәуекел-менеджментті және ішкі бақылауды Қор қызметінің барлық аспектілеріне ықпалдастыру;
  • Қордың мақсаттарға қол жеткізуге қауіп төндіретін жағдайлардың алдын алу, ықтимал теріс оқиғаларға тиімді ден қою және егер олар басталса, олардың салдарын қолайлы деңгейге дейін жеңілдету қабілеттілігін арттыру есебінен қызмет нәтижелерінің құбылмалылығын төмендету;
  • Ұзақ мерзімді перспективада Қордың активтерінің құнын және кірістілігін ұлғайту үшін мүмкіндіктерді пайдалануды қамтамасыз ету.

Қордың тобындағы тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылауды ұйымдастырудың негізгі қағидаттары мен тәсілдері Қордың тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жөніндегі саясатында көрсетілген. Осы Саясат «Ұйымдардың тәуекелдерін басқарудың тұжырымдамалық негіздері: стратегиямен және тиімділік көрсеткіштерімен интеграциялау» COSO ұсынымдарын ескере отырып жасалған және Қордың барлық деңгейлерінде тәуекелдерді басқару үшін тәуекел иелерінің жауапкершілігін күшейтуді қамтамасыз етуге, Қордың барлық процестеріне тәуекел-менеджменттің интеграциясын арттыруға арналған.

Саясатқа сәйкес Қордың Директорлар кеңесі мен Басқармасы өз функцияларын орындау кезінде «Қорғаудың үш желісі» моделіне сүйенеді, онда қорғаудың бірінші желісін (бизнес-функцияларды) өз құзыреті шеңберінде тікелей сәйкестендіретін, тәуекелдерді басқаратын және бақылау рәсімдерін орындайтын әрбір жұмыскер атынан құрылымдық бөлімшелер ұсынады. Қорғаудың екінші желісі (мониторинг функциялары), оның ішінде Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау департаменті мен Қордың Комплаенс қызметі ұсынылған, олар тәуекелдерді басқарудың және ішкі бақылаудың тиімді практикасының бизнес-функцияларын енгізу мониторингіне, Қордың заңнамасы мен ішкі нормативтік құжаттарының сақталуына жауап береді. Үшінші қорғаныс желісі (Тәуелсіз кепілдік) Қордың ішкі аудит қызметімен ұсынылған, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесінің тиімділігіне тәуелсіз бағалау жүргізеді және оларды жетілдіруге жәрдемдеседі.

Қорда және Портфельдік компанияларда жыл сайынғы негізде тәуекел дәрежесі, тіркелімі және тәуекелдер картасы бекітіледі; тұрақты негізде Портфельдік компаниялар мен Қордың Директорлар кеңестерінің/Байқау кеңестерінің қарауына маңызды қызмет салалары бойынша басқарушылық есептілік ұсынылады.

Қор капиталының әкімшілігімен тәуекелдерді қайта сақтандырудың корпоративтік бағдарламасы іске асырылуда, ол Қор компанияларының тәуекелдерін қайта сақтандыру ретінде акционерлердің сенімділігін қамтамасыз етеді.

Қордың ішкі нормативтік құжаттарында бақылау рәсімдерін құжаттау және тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау саласындағы ішкі нормативтік құжаттарды сақтау жолымен ішкі бақылаудың тиімді жүйесін құру жөніндегі жұмыс жалғастырылды.

Қор мен Портфельдік компаниялар тәуекелдерінің толық емес тізбесі мыналар:

Стратегиялық тәуекелдер:

Маңызды инвестициялық жобалардың тәуекелдері ішкі және сыртқы факторларға ұшырайды. Классикалық жобалық тәуекелдерден басқа жобаны іске асыру мерзімдерінің бұзылуы және күрделі шығыстардың ұлғаюы сияқты сыртқы факторлар мысалы, жоғары инфляция, бағамдық айырманың өзгеруі және логистикалық мәселелер жобалардың көрсеткіштеріне теріс әсер етеді. Тұрақты негізде әлеуетті және іске асырылған тәуекелдерді сәйкестендіру бойынша жұмыс жүргізіледі, оларды азайту жөніндегі іс-шаралар әзірленеді.

Беделге нұқсан келтіру тәуекелі – клиенттер, контрагенттер, акционерлер, инвесторлар, кредиторлар, нарықтық талдаушылар, қадағалау органдары және жалпы қоғам тарапынан Қордың және Портфельдік компаниялардың теріс қабылдауына байланысты тәуекел. Осы тәуекелді басқару үшін Қор тобының бірыңғай имидждік және коммуникациялық саясатын құру мақсатында тұрақты негізде Портфельдік компаниялармен өзара іс-қимыл жүргізіледі, Қор және Портфельдік компаниялар жұмыскерлерінің заңнама талаптарын және белгіленген этикалық мінез-құлық нормаларын сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар іске асырылады.

Қаржылық тәуекелдер:

Өтімділік тәуекелдері және ковенант/листингтік талаптардың бұзылуы – компанияның өз қызметін қаржыландыра алмауына, өз міндеттемелері бойынша уақтылы және толық жауап бере алмауына байланысты тәуекелдер. Осы тәуекелдерді басқару шеңберінде Қордың және Портфельдік компаниялардың борыштық жүктеме дәрежесіне лимиттер белгіленеді және мониторингі жүзеге асырылады, Портфельдік компаниялардың ковенантты орындауын қамтамасыз ету және Қор Тобының қаржылық тұрақтылығын арттыру бойынша әртүрлі шаралар қабылданады.

Операциялық тәуекелдер:

Әлеуметтік тұрақсыздық тәуекелі – Қор және Портфельдік компаниялар жұмыскерлерінің әртүрлі топтарының әлеуметтік шиеленісуіне байланысты тәуекел. Әлеуметтік тұрақтылық тәуекелінің жағдайын қадағалау үшін Әлеуметтік өзара іс-қимыл және коммуникациялар орталығы жыл сайынғы негізде Қор тобының еңбек ұжымындағы әлеуметтік тұрақтылық деңгейін талдайды. Әлеуметтік-еңбек қатынастарын мониторингілеу және реттеу мақсатында Қор тобы жұмыскерлерінің шағымдары мен өтініштеріне мониторинг жүргізіледі. Қор Портфельдік компаниялармен, республикалық және жергілікті билік органдарымен бірлесіп, жұмыскерлердің әл-ауқатын жақсарту және туындаған мәселелерді шешу жөніндегі жүйелі шараларды пысықтайды.

Жазатайым оқиғалардың қаупі – Қордың өндірістік портфельдік компаниялары үшін негізгі тәуекелдердің бірі. 2022 жылы Қор компаниялары тобында өндірістік қауіпсіздікті дамытуға бағыт алынды. Осылайша 2022 жылы «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жылы» болып жарияланды. 2022 жылы «Vision Zero» халықаралық тұжырымдамасына ену және «нөлдік толеранттылық» қағидатын ұстану шеңберінде Қор портфельдік компаниялармен бірлесіп Health & Safety 2022 бойынша бекітілген жоспарға сәйкес айтарлықтай жұмыс атқарды: Комитет шеңберінде ПК арасында, сондай-ақ саланың көшбасшы компанияларымен озық тәжірибелермен алмасу бойынша жұмыс жүргізілетін HSE; ПК сарапшыларының қатысуымен айқаспалы аудиттер тәжірибесі енгізілді; әрбір ПК-ның салалық ерекшелігіне сәйкес HS менеджмент жүйесін жетілдіру және үздік әлемдік практикаларды енгізу бойынша тұрақты жұмыс жүргізілуде.

Санкциялық заңнаманың ықпал ету тәуекелі – Қордың және Портфельдік компаниялардың қызметіне санкциялардың теріс жанама әсерімен байланысты тәуекелдер. Қор компанияларының тобы қандай да бір санкциялық тізімдерге енгізілмеген. Алайда Қазақстан мен Ресей экономикаларының интеграциясының жоғары дәрежесіне байланысты санкциялық режимді енгізу Қор компаниялары тобының қызметіне және қаржылық көрсеткіштеріне елеулі ықпал етуі мүмкін. Тәуекел митигациясы мынадай іс-шараларды іске асыру жолымен жүзеге асырылады: контрагенттер мен әріптестердің санкциялық тізімдерге қатысу мәніне мониторингі; қолданыстағы және жаңа шарттарға санкциялық ескертпелер енгізіледі; санкциялық заңнаманы бұзу тәуекелін іске асыру ықтималдығы болған жағдайда халықаралық заң компаниялары тартылады; санкциялық шектеулердің әсерін барынша азайту жөнінде тәжірибе алмасу мақсатында мемлекеттік органдармен және басқа да ұйымдармен өзара ic-қимыл жүзеге асырылады; Қор компанияларының бүкіл тобы бойынша комплаенс, тәуекелдерді басқару және/немесе құқықтық мәселелер жөніндегі бөлімшелер Қордың және ПК уәкілетті органдарына шығарылатын қандай да бір мәселелерді қарау кезінде санкциялық шектеулердің сақталуы бойынша тұрақты бақылауды жүзеге асырады.

Құқықтық тәуекелдер:

Сот талқылауларының тәуекелі – Қор мен Портфельдік компанияларды ірі сот талқылауларына тарту тәуекелі. Келіссөздер, қолданыстағы келісімдер бойынша Қордың міндеттемелерін мониторингілеу, Қордың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді және Қор тобының мүдделерін қорғау жөніндегі құқықтық сипаттағы өзге де іс-әрекеттерді түсіндіру арқылы дауларды алдын ала шешу арқылы осы тәуекелдерді азайту жөніндегі іс-шаралар жүргізіледі.