«Самұрық-Қазына» АҚ Корпоративтік басқару кодексінің ережелеріне сәйкестігі туралы өтініш

Корпоративтік басқарудың ең жоғары стандарттарына сәйкестікті қамтамасыз ету мақсатында 2012 жылы «Самұрық-Қазына» АҚ Жалғыз акционері «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры «акционерлік қоғамының корпоративтік басқару кодексін (бұдан әрі – Кодекс) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысын қабылдады.

Корпоративтік басқарудың халықаралық практикасы статикалық сипатқа ие емес және Кодекс қағидаттарын қайта қарау корпоративтік басқару жүйесін жетілдірудің стандартты процесі. Осыған байланысты есепті жылы Қорды корпоративтік басқару саласындағы үздік халықаралық тәжірибеге сәйкес келтіру үшін Кодекске түзетулер әзірленді. Кодекс жаңа редакцияда Ұлыбритания мен ЭЫДҰ Корпоративтік басқару кодексінің қағидаттарын ескере отырып, ҚР заңнамасының ережелеріне сәйкес әзірленді. Қордың Директорлар кеңесінің 2022 жылғы 14 желтоқсандағы шешімімен жаңа Кодекс жобасы мақұлданды және Қордың Жалғыз акционерінің қарауына шығаруға ұсынылды. ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 590 қаулысымен «Самұрық-Қазына» АҚ Корпоративтік басқару кодексі жаңа редакцияда бекітілді.

Қор өз қызметін Кодекстің базалық қағидаттарына сәйкес жүзеге асыруға, ал сәйкес келмеген жағдайларда сақтамау себептері туралы түсіндірмелерді көрсетуге міндетті. Директорлар кеңесі жекелеген себептер бойынша осы Кодекстің жекелеген ережелерін қолданбау немесе сақтау мүмкін еместігі туралы қорытынды жасай алады. Кодекстің орындалуын бақылау Қордың Директорлар кеңесіне жүктеледі.

Ұзақ мерзімді перспективада тұрақты табысқа қол жеткізу мақсатында осы Кодекстің тиісінше сапалы сақталуы мәселелеріне ерекше назар аударылады. Жыл сайынғы негізде оның қағидаттары мен ережелерінің сақталуы/сақталмауы туралы есеп Қордың Директорлар кеңесінің қарауына және кейіннен бекітуіне шығарылады.

«Самұрық-Қазына» АҚ корпоративтік басқарудың ең жоғары стандарттарын сақтауға ұмтылады, өйткені бұл бизнестің жоғары тиімділігі мен тұрақтылығының маңызды шарттарының бірі, сондай-ақ Қор тобын әлеуметтік жауапкершілікпен басқарудың негізі деп санайды.

2022 жылы Кодекстің негізгі ережелеріне олардың сақталуына талдау жүргізілді. Есепті жылы Қор негізінен Кодексте жазылған барлық қағидаттарды сақтады. Толық ақпарат 2-қосымшада берілген.

Корпоративтік басқару жүйесі

Біз Қор тобының корпоративтік басқару тәжірибелерін жетілдіруге, сондай-ақ біздің қызметіміздің ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз етуге назар аудара отырып, тиісті корпоративтік басқару стандарттарын ұстануға бейілділігін растаймыз.

Қорда халықаралық стандарттарға сәйкес келетін корпоративтік басқарудың тиімді жүйесі жұмыс істейді. Қордың корпоративтік басқару жүйесі Қордың қызметін басқаруды және бақылауды қамтамасыз ететін процестердің жиынтығын, сондай-ақ Жалғыз акционер, Директорлар кеңесі, Басқарма және мүдделі тараптар арасындағы өзара қарым-қатынастар жүйесін білдіреді және ұзақ мерзімді құнды өсіруге және тұрақты дамуға бағытталған. Директорлар кеңесі көрсетілген өзара қатынастар жүйесінің тиімділігін арттыру мәселелерін кезең-кезеңмен қарайды. Органдардың құзыреті мен шешім қабылдау тәртібі Жарғыда нақты айқындалған және бекітілген.