2022 ЖЫЛҒЫ ТҰРАҚТЫ ДАМУ САЛАСЫНДАҒЫ НЕГІЗГІ ОҚИҒАЛАР

  • Наурыз
  • «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ ресми түрде БҰҰ Жаһандық шартының толыққанды қатысушысы болды
  • Сәуір
  • «KEGOC» АҚ-ның 2031 жылға дейінгі Төменгі көміртекті даму бағдарламасын бекіту және 2060 жылға дейінгі көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу жөніндегі пайымдау
  • Мамыр
  • «Самұрық-Қазына» АҚ «Vision Zero» нөлдік жарақаттану тұжырымдамасына қосылды
  • Маусым
  • «Эйр Астана» АҚ-ның 2023–2032 жылдарға арналған Төменгі көміртекті даму бағдарламасын бекіту
  • «Қазпошта» АҚ Төменгі көміртекті даму бағдарламасын бекіту
  • «Самұрық-Қазына» АҚ Health&Safety бірінші жыл сайынғы форумы
  • Тамыз
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның жаңартылатын энергияның I-REC (International Renewable Energy Certificate) халықаралық сертификаттарын сатып алу
  • Директорлар кеңесінің «Самұрық-Қазына» АҚ Төменгі көміртекті дамуға көшу жөніндегі Тұжырымдамасын бекітуі
  • Қыркүйек
  • 2022–2031 жылдар кезеңіне арналған «Samruk-Kazyna Ondeu» ЖШС Төменгі көміртекті даму бағдарламасын бекіту.
  • «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ға ESG бойынша 57 балл (теориялық 100 балл) берілді, бұл Moody’s ESG Solutions тұрақтылық шкаласы бойынша екінші ең жоғары балл болып табылатын «A2» тұрақтылық рейтингіне сәйкес келеді.
  • «KEGOC» АҚ бір данасының номиналды құны 1 000 теңге болатын кепілсіз 35 миллион купондық облигациялар мөлшерлемесі бойынша 35 миллиард теңге сомасына алғашқы «жасыл» облигацияларды шығарды.
  • Қазан
  • «Тау-Кен Самұрық» ҰМК» АҚ-ның 2060 жылға дейінгі Энергия көшу тұжырымдамасын бекіту
  • «Самұрық-Энерго» АҚ-ның 2022–2060 жылдарға арналған Энергетикалық көшу бағдарламасын бекіту
  • Қараша
  • АХҚО юрисдикциясында «Жасыл» активтерді (ЖЭК, СЭС) басқару үшін Qazaq Green Power PLC компаниясы тіркелген.
  • Желтоқсан
  • «Қазақтелеком» АҚ-ның 2022–2032 жылдарға арналған Төменгі көміртекті даму бағдарламасын бекіту
  • «Самұрық-Қазына» АҚ Тұрақты даму жөніндегі комитетінің II отырысы
  • «KEGOC» АҚ жасыл облигацияларын «Қазақстан қор биржасы» АҚ (KASE) сауда алаңында 3 % маржамен жалпы сомасы 16,1 млрд теңгеге сәтті орналастыру
  • «ҚТЖ» ҰК» АҚ және оның еншілес ұйымдарының 2060 жылға дейінгі Төменгі көміртекті даму тұжырымдамасын бекіту
  • Басқарманың «Самұрық-Қазына» АҚ-ның 2027 жылға дейінгі энергия және ресурс үнемдеу бағдарламасын бекітуі
  • S&P Global Ratings рейтингтік агенттігінің «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ ESG бағасын 51/100 деңгейінде беруі
  • «Самұрық-Қазына» АҚ-ның 2023–2032 жылдарға арналған Даму жоспары шеңберінде «ESG принциптерін енгізу» стратегиялық мақсатын бекіту
  • «Sustainalytics» рейтингтік агенттігінің «Medium risk» бағасымен «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ ESG тәуекел-рейтингін жаңарту