ЖАҺАНДЫҚ СЫН-ҚАТЕРЛЕРГЕ БІЗДІҢ ЖАУАБЫМЫЗ

Климаттық тәуекелдер мен мүмкіндіктер

Қазақстанға көміртексіздендіруге жалпы әлемдік трендті ұстану оңай емес. Біздің еліміздің экономикасы – әлемдегі ең энергия және көмір сыйымдылықтарының бірі, себебі көмір генерациясы негізгі энергия көзі болып қала береді. ЖЭК-ке қарқынды көшу энергетикалық қауіпсіздіктің жүйелі проблемаларына әкелуі мүмкін. Халықаралық ұйымдар көмірсутекті энергия тасымалдаушылардан бас тартуды талап етеді, өйткені оларды жағу кезінде «парниктік» әсер ететін және климаттың өзгеруіне ықпал ететін газдар пайда болады. Бірақ Қазақстанда көмір мен мұнайдан кенеттен бас тарту бүкіл экономиканың күйреуіне алып келер еді.

Біз тұтастай алғанда Қор тобының қызметіне климаттық тәуекелдер мен мүмкіндіктер әсерінің маңыздылығын түсінеміз. Осыған байланысты біз оларды Қор деңгейінде бағалаймыз және портфельдік компаниялардың алдына TCFD-ға сәйкес климаттық тәуекелдер мен мүмкіндіктерді бағалауды енгізу міндетін қоямыз. TCFD ұсынымдарын енгізу Қордың қаржы нарықтарында реттеуді күтілетін қатаңдатуға дайындайтын тәуекелдерді басқарудың корпоративтік практикаларын нығайтуға және дамытуға ықпал етеді.

Бір жағынан климаттық күн тәртібі дәстүрлі энергетикалық жүйеге сын-қатер ретінде қарастырылады және Қор үшін айтарлықтай өтпелі тәуекелдерге әкеп соғады. Мысалы қызметтің ерекшелігіне байланысты көмір өндіру, көмірді жағу арқылы алынатын электр энергиясын генерациялау және пайдалану Қор компаниялары тобындағы өндірістік процестерде елеулі үлеске ие және бүкіл ел бойынша 40 мың жұмыскердің жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етеді. Сондықтан Қор көміртексіздендіру жолында дәстүрлі энергия тасымалдаушылардан бас тартпай, төмен көміртекті технологияларға жоспарлы және орынды көшуге басымдық береді. 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу энергетикалық және экологиялық қауіпсіздік арасындағы теңгерімге құрылуы тиіс. Сондықтан Қазақстан экономикасын көмірге тәуелділіктен кезең-кезеңмен шығаруда баламалы энергетика, атап айтқанда, атом энергетикасы басты рөл атқарады.

Екінші жағынан көміртегі бейтараптығына көшуді біз өсу үшін жаңа мүмкіндіктер ретінде қарастырамыз. Энергияны жүйелі және теңгерімді өткізу кезіндегі біздің негізгі мүмкіндіктеріміз:

  • Портфельді әртараптандыруды жеделдету;
  • Жаңа индустрияларды дамыту;
  • Жаңа жұмыс орындарын құру және кадрлардың біліктілігін арттыру;
  • Қаржы мен инвестицияларға қол жеткізу;
  • Технологиялар трансферті және білім беру

Климаттың өзгеруіне байланысты бар тәуекелдерге қатысты біз жер қойнауынан ресурстарды алатын Қордың портфельдік компанияларының пайдалану объектілерін жоюға және экологиялық залалды қалпына келтіруге арналған резервтерді бағаладық және мойындадық. Мұндай резерв 2022 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 363 064 млн теңгені құрады. GRI 201-2

Бастамалар мен жобаларды бірлесіп іске асыру, инвестициялар тарту мақсатында Қор ірі халықаралық ұйымдармен және ұлттық әл-ауқат қорларымен өзара іс-қимыл практикасын кеңейтетін болады. Бұдан басқа, ел экономикасын тұрақты дамыту үшін инвестициялар тартудан басқа, халықаралық стратегиялық әріптестермен өзара іс-қимыл алдыңғы қатарлы білім, практика және технологиялар трансферті арқылы оң әсерін тигізеді. Жаһандық серіктестік жөніндегі бастамаларды күшейту географиялық әртараптандырумен қатар Қорға тең инвестициялау тетіктері арқылы ресурстар мен құзыреттерді біріктіре отырып және Қазақстан Республикасы мен Қордың имиджін арттыра отырып, жаңа нарықтарға қол жеткізуге және халықаралық инвестициялар тәжірибесін арттыруға мүмкіндік береді.

Біз 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу энергетикалық және экологиялық қауіпсіздік арасындағы ұтымды теңгерімге негізделуі тиіс деп сенеміз. Сондықтан Қазақстан экономикасын көмірге тәуелділіктен кезең-кезеңмен шығаруда баламалы энергетика, атап айтқанда, атом генерациясы басты рөл атқаратын болады.