ЖАҺАНДЫҚ СЫН-ҚАТЕРЛЕРГЕ БІЗДІҢ ЖАУАБЫМЫЗ

Өсуді тежейтін факторлар

ЖІӨ-нің құбылмалылығы сыртқы қарызға және Ұлттық қордан түсетін трансферттерге тәуелділікті арттыра отырып, мемлекет бюджетіне теріс әсер етеді. Бұл өз кезегінде, бюджеттік шығындардың 50 %-дан астамы әлеуметтік болып табылатындығына қарамастан, инфрақұрылымдық жобаларға инвестицияларды шектейді. Инвестициялардың жетiспеушiлiгiн жеке сектор өтемейдi. Шектеуші факторлардың бірі түпкілікті тұтынушыға әсерді азайтуға бағытталған ағымдағы тарифтік саясат болып табылады. Нәтижесінде, елдегі негізгі құралдардың тозуы 2015 жылғы 36 %-дан 2019 жылы 38,7 %-ға дейін (электрмен жабдықтауда 75,5 %, тау-кен өнеркәсібінде 64,2 % және ақпарат пен байланыста 58,9 %) өсті.

Технологиялық прогреске инвестициялардың жеткіліксіздігі экономика өнімділігінің төмен деңгейінде де байқалады. Осы жүйелі проблеманы шешу ЖІӨ-нің тұрақты өсуінің және ел азаматтарының табысын арттырудың негізгі факторларының бірі болып табылады.

Қордың белгіленген тарифтерді қолдануы мынадай тариф белгілеу тәуекелдерінің туындауын білдіреді: Қор компаниялары тобы бойынша қаржылық нәтиженің нашарлауы, Даму жоспарының көрсеткіштерін орындамау, айыппұл санкцияларын қолдану.

Қордың іске асырылып жатқан электр энергетикасы және өңірлерді газдандыру саласындағы басым жобалары бірқатар нормативтік құжаттарды өзектендіруді талап етуі мүмкін. Реттеу базасын жаңғырту мақсатында мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп тұрақты жұмыс жүргізу жоспарлануда.