ЖАҺАНДЫҚ СЫН-ҚАТЕРЛЕРГЕ БІЗДІҢ ЖАУАБЫМЫЗ

Көміртексіздендіру

Қазақстан Орталық Азиядағы парниктік газдардың ірі эмитенті бола отырып1, климаттың өзгеруіне қарсы күрес жөніндегі жаһандық мақсатты ұстанатынын білдіреді. Елде климаттың өзгеруіне байланысты стратегиялық құжаттар базасы құрылды. Біз осы аспектідегі алғашқылардың бірі – Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдаманың мақсаттарын ұстанамыз. Тұжырымдама энергия тиімділігін арттыру және электр энергетикасындағы көмірқышқыл газы шығарындыларының деңгейін төмендету бойынша көрсеткіштерді қамтиды. 2016 жылы Қазақстан Париж келісімін ратификациялады. Бұдан әрі Қазақстан Президентінің 2020 жылғы желтоқсанда көміртегі бейтараптығына қол жеткізу міндеті туралы мәлімдемесінен кейін елімізде 2060 жылға қарай Көміртегі бейтараптылығына қол жеткізу стратегиясын әзірлеу басталды, оған біз белсенді қатысудамыз.

1REdiCAP деректері бойынша (The Regional Dialogue on Carbon Pricing)

Біз әлеуметтік жауапты ұйым ретінде Қазақстанда және бүкіл әлемде климаттық күн тәртібін ілгерілетуде маңызды рөл атқара аламыз. Біз төмен көміртекті дамуға көшу бойынша драйвер болып табыламыз, біздің портфельдік компанияларымыз үшін тонды және стратегиялық бағдарларды белгілейміз. Қор әлемдік қоғамдастықтың климаттың өзгеруі проблемасына алаңдаушылығын бөліседі және парниктік газдар шығарындыларын азайту бойынша жаһандық күш-жігерді қолдайды. Бұл үшін Қор 2022 жылдың қорытындысы бойынша Қор тобының көміртегі әсерін анықтады. Ол 60,9 млн тонна CO2-баламаны құрады. Оның ішінде 50,7 млн тонна CO2-балама  тікелей парниктік газдар шығарындылары, 10,2 млн тонна CO2-балама  жанама шығарындылар. Қор кәсіпорындарының ішінде парниктік газдардың тікелей шығарындылары «Самұрық-Энерго» АҚ-ға (65 %) тиесілі, оның қызметі негізінен көмір электр станцияларында электр энергиясын өндіруге байланысты. Мұнай-газ саласындағы парниктік газдардың тікелей шығарындыларының үлесі («ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ және «QazaqGaz» ҰК» АҚ) – 28 %, олардың қызметі де отынның қазба түрлеріне шоғырланған. Қордың қалған барлық компанияларына 7 %-дан кем тиесілі. 

2013 жылдан бастап елімізде шығарындыларды сату жүйесі құрылды және біз парниктік газдардың тікелей шығарындыларын есепке алу мен түгендеуді жүргізудеміз. Қазіргі уақытта шығарындылармен сауда жүйесі қызмет салаларының бір бөлігін ғана жабады және Қазақстандағы барлық парниктік газдар шығарындыларының 50 %-ға жуығын қамтиды, алайда біздің ірі портфельдік компанияларымыз осы жүйенің қатысушылары болып табылады және шығарындыларға квоталар алады.

Қазіргі климаттық күн тәртібінің аясында біз климатқа және қоршаған ортаға түсетін жүктемені төмендету қажеттігін түсіне отырып, еліміз айқындаған климаттық мақсаттарға бағдарланамыз және Қазақстан Республикасының 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бастамасын қолдаймыз. Қор климаттық аспектіде елеулі ықпалы бар экономика секторларында мемлекеттің мүдделерін білдіретін ірі холдинг ретінде Қазақстан экономикасының орнықты жолға көшуінде негізгі рөл атқарады. Біз өндірістің неғұрлым тиімді және экологиялық таза технологияларын пайдаланатын өндірістік кәсіпорындарды салу және жаңғырту бойынша түрлі жобаларға инвестициялаймыз. Біз күн және жел сияқты жаңартылатын энергия көздерін пайдалануға бағытталған инновациялық жобаларды қолдаймыз, осы трендтерге сәйкес келетін және пайда табу мүмкіндігі бар жобаларға инвестиция тартамыз.

Біз өзіміз үшін тұрақтылықты арттыруға, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және бәсекеге қабілеттілікті арттыруға бағытталған басым стратегиялық міндеттердің бірі ретінде көміртексіздендіруді анықтадық. Мақсатты көрсеткіштерді анықтау үшін 2022 жылы біз 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптылығына қол жеткізу перспективасымен 2032 жылға дейін Қорды дамытудың үш сценарийі бойынша модельдеу жүргіздік: «Әдеттегі бизнес», Көміртексіздендіру және Терең көміртексіздендіру.

Оптимисті Сценарийлердің бірі – Терең көміртексіздендіру, ол 2021 жылғы деңгейден 2032 жылға қарай көміртегі әсерін 10 %-ға төмендетуге мүмкіндік береді. Бұл сценарий 2032 жылы бірінші блокпен ЖЭК пен СЭС үлесінің 30 %-ға дейін өсуімен, автокөлікті электрлендіру деңгейін 19 %-ға дейін арттырумен және баламалы көздерден электр энергиясын сатып алу үлесімен – 45 % АЭС-ті жедел енгізу арқылы жылдам энергетикалық ауысуды болжайды.

Бейтарап сценарий (көміртексіздендіру) кезінде шығарындыларды 2021 жылғы деңгейде ұстап қалу ғана мүмкін болады. Ал «Әдеттегі бизнес» сценарийі кезінде көміртегі әсерінің 19 %-ға өсуі болжанады, себебі сценарий Қор тобының қызметіндегі ағымдағы трендтерді көміртексіздендуруге назар аударусыз жалғастыруды көздейді.

Біздің төмен көміртекті дамуымыздың бағыттары «2060 жылға дейінгі көміртекті бейтараптылыққа қол жеткізу стратегиясына» толық сәйкес келеді. Барлық сценарийлерде біз елде энергия жетіспеушілігін болдырмау үшін жаңа қуаттарды енгізу қажеттілігінен алшақтаймыз, бірақ 2032 жылы бірінші блокпен АЭС іске қосылмай, мақсатқа жету мен қысқарту мүмкін емес. Базалық қуаттың экологиялық таза көзін енгізу көмір электр станцияларының жүктемесін азайтуға және жоғары тозумен Екібастұз ГРЭС-1 блоктарының біріне консервация жүргізуге мүмкіндік береді.

Алынған нәтижелер есепті жылы бекітілген төмен көміртекті даму тұжырымдамасы мен төмен көміртекті бизнес-модельге көшу жөніндегі іс-шаралар жоспарына негіз болды. Тұжырымдамада Қордың әділ және экономикалық негізделген төмен көміртекті дамуының бағалау құны шамамен 20-25 млрд АҚШ долларын құрайтын пайымы, мақсаттары мен түйінді бағыттары қамтылған. Есепті жылы төмен көміртекті даму тұжырымдамасын іске асыру үшін барлық ірі холдингтік компаниялар нақты мақсаттармен, іс-шаралармен, жобалармен және құнмен ауысу бойынша өздерінің жеке жоспарларын әзірледі.