Ашықтық, айқындық және есеп беру

Ел экономикасындағы негізгі ойыншы Қордың табысты дамуы көбінесе мүдделі тараптармен өзара іс-қимылдың қалай құрылғанына байланысты болады. Біз диалог пен мүдделі тараптардың тікелей қатысуы экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз етудің және ұзақ мерзімді құнды құрудың кілті деп санаймыз. Біз өзара сенімге, ашықтық пен адалдыққа негізделген қарым-қатынас орнатамыз. Мүдделі тараптармен тұрақты өзара іс-қимыл жүйесі мағыналы және шынайы ақпарат беруді, екіжақты диалог мүмкіндігін, портфельдік компаниялардың қызметіне, шағым берудің икемді тетігін әзірлеуге байланысты экологиялық қауіптер мен тәуекелдер туралы хабардар болуды қамтамасыз етуді білдіреді.

Мүдделі тараптармен болған диалогтың негізгі аспектілерін реттеу үшін PR-стратегия және 2022 жылға арналған Іс-шаралар жоспары әзірленді, портфельдік компаниялармен Өзара іс-қимыл жөніндегі саясат әрекет етеді. Есепті жылы Саясатқа түзетулер енгізілді – артық буындар оңтайландырылды және алынып тасталды, Қордың бизнес-процестерін іске асырудың жеделдігі үшін өзара іс-қимыл тиімділігін арттырудың қосымша тетіктері құрылды.

Қордың және оның портфельдік компанияларының қызметіне қоғамдық бақылауды жүзеге асыру үшін 2021 жылғы желтоқсаннан бастап Қоғамдық кеңес жұмыс жүргізеді. Кеңес кандидаттарды ашық конкурстық іріктеу арқылы құрылған болатын. Онда он адам бар: азаматтық қоғамның жеті өкілі және Қордың үш өкілі. Қордың Қоғамдық кеңесінің әрбір отырысы өзінің ақпараттық ресурстарымен жарияланады, сондай-ақ түрлі БАҚ шақырылады, оқиғалар интернет-басылымдарда да, теледидарда да жарияланады. Корпоративтік сайтта Қордың Қоғамдық кеңесінің, оларға берілген барлық ұсынымдар жарияланатын беті құрылды.

2022 жылы 13 отырыс өткізілді (230 сыртқы сарапшыларды тарта отырып) – бұл пікір көшбасшылары, қоғам қайраткерлері, салалық сарапшылар, қауымдастық өкілдері мен мәселелерді жан-жақты және сараптамалық қарауға арналған үкіметтік емес ұйымдар. 118 ұсыныс берілді.

Бұдан басқа, Қор тобы басшыларының БАҚ пен жұртшылықтың сұрақтарына жауап беретін баспасөз брифингтері үнемі өткізіліп тұрады. Қор өзінің жұмысы туралы әлеуметтік желілерде, оның ішінде @samrukazynaofficial телеграмм-арнасында белсенді түрде айтады. Қоғаммен өзара іс-қимылдың тағы бір жаңа түрі – IPO кампаниясы аясындағы азаматтармен ашық кездесулер. Қыркүйек айында Қор өкілдері мен сарапшылар бүкіл Қазақстанды аралап шықты және «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ компаниясының акцияларын орналастыру туралы қалалар мен ауылдардың тұрғындарымен 130-дан астам семинарлар өткізді. Бұл кездесулерге 150 мыңнан астам адам қатысты. Біз қоғаммен келісе отырып жұмыс істеу және даму үшін өз қызметіміздің ашықтығын одан әрі нығайтуға дайынбыз.