Қоршаған орта

Атмосфералық ауаның сапасы

2022 жылдың қорытындысы бойынша Қор тобы бойынша ластаушы заттардың жалпы саны – 608,7 мың тоннаны құрады, 2021 жылға қарағанда 1,1 %-ға (615,3 мың тонна) төмендеді. GRI 305-7

Электр энергиясы мен жылу өндіру секторына ластаушы заттар шығарындыларының 59 % (немесе 358,1 мың тонна) келеді, бұл 2021 жылғы деңгейден 0,08 %-ға жоғары (2021 жылы 357,7 мың тонна). Жыл сайын осы сектордағы ластаушы заттардың үлестік шығарындылары төмендейді: 2022 жылдың қорытындысы бойынша ЖЭК және СЭС, газ ЖЭО-1 (өндірілетін электр энергиясының бірлігіне) өндіру үлесінің ұлғаюының арқасында 2021 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 2 %-ға төмендеді.

Мұнай мен газды өндіру және қайта өңдеу секторында 2022 жылдың қорытындысы бойынша ластаушы заттардың жалпы саны 120,6 мың тоннаны құрап, 2021 жылдан бастап 9,4 %-ға (110,2 мың тонна) ұлғайды. Қордан осы сектордың үлесі 2022 жылы 20 %-ды құрайды. 2022 жылы мұнай мен газды өндіру және қайта өңдеу секторында ластаушы заттар шығарындыларының ұлғаюы күрделі жөндеуден кейін «Қаламқас» ГҚЭС номиналды режиміне шығуына байланысты энергия ресурстарын тұтынудың өсуімен, сондай-ақ «ПетроҚазақстанОйл Продактс» ЖШС бойынша мұнай өңдеу көлемінің 20 %-ға ұлғаюымен байланысты.

Газ тасымалдау секторы Қордың ластаушы заттар шығарындыларының 20 %-ы тиісті (2021 ж. – 23 %). Ластаушы заттардың көлемі 123 мың тоннаны құрап, 2021 жылдан бастап 11,4 %-ға (139 мың тонна) төмендеді.

Темір жол тасымалы секторына Қордың ластаушы заттар шығарындыларының 0,8 %-ы тиіселі. 2022 жылдың қорытындысы бойынша шығарындылар 2021 жылға қарағанда 6,4 мың тоннадан 5,1 мың тоннаға дейін 18,7 %-ға төмендеді. Шығарындыларды жыл сайын азайтуға жаңа тепловоздарды енгізу, аралас жылытуы бар жаңа жолаушылар вагондарын сатып алу, қазандықтарды қатты отыннан газ тәрізді отынға ауыстыру және өндірістік ғимараттарды жылытуды электр жылумен жабдықтауға қосу есебінен қол жеткізіледі.

Пайдалы қазбаларды өндіру және өңдеу секторы Қордың ластаушы заттар шығарындыларының 1 %-дан азын құрайды. 2022 жылдың қорытындысы бойынша сектордағы ластаушы заттардың жалпы саны 1,4 мың тоннаны құрады, шығарындылар көздерін газ тәріздес заттарды тазарту жөніндегі қосымша қондырғылармен жарақтандыруға және қолда бар газ тазарту жабдығы жұмысының тиімділігін арттыруға және өндіріс көлемінің қысқаруына байланысты 2021 жылғы көрсеткішпен (1,5 мың тонна) салыстырғанда 5 %-ға төмендеді.

Қордың қалған портфельдік компаниялары бойынша ластаушы заттардың үлесі кемінде 1 %-құрайды. GRI 305-7

Қоршаған ортаға әсерін азайту үшін оны қорғауға жыл сайын қаражат бөлінеді. 2022 жылы қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған жалпы шығыстар мен инвестициялар 56 284 млн теңгені құрады, бұл 2021 жылғы шығыстардың 1,8 %-на артық.

Дамудың одан арғы бағыттары

Біз ластаушы заттардың шығарындыларын азайтуға бағытталған іс-шараларды іске асыруды жалғастыруды жоспарлап отырмыз: технологиялық жабдықтарды жаңғырту, энергия үнемдеу технологияларын енгізу, жылу энергиясын өндіру мен тұтынуды оңтайландыру, сондай-ақ меншікті төмен көміртекті генерациялау көздерін дамыту, сондай-ақ ең үздік қолжетімді техникаларды (таза көмір технологиялары, сондай-ақ шығарындыларды ұстау технологиялары) қолдану.