БІЗДІҢ АДАМДАР

Корпоративтік мәдениет

Біз көшбасшылардың мықты командасына, жұмыскерлердің белсенділігі мен келісімділігіне негізделген тиімді корпоративтік мәдениетті құру үшін жұмыс істейміз. Біздің НІТ (Humility, Integrity, Transparency) корпоративтік құндылықтарымыз: қарапайымдылық, адалдық және ашықтық – біздің корпоративтік мәдениетіміздің негізінде жатыр және ішкі және сыртқы коммуникациялардың негізгі қағидаттары болып табылады.

Біздің басшылығымыз корпоративтік этикалық мінез-құлық нормаларын нақты ұстанады, корпоративтік мәдениетті жоғары деңгейде қолдайды және дамытады және Қор мен жалпы халықтың мүддесі үшін әрекет етеді. Қордың ішінде де, сыртында да корпоративтік мінез-құлық құндылықтарын сақтау және дамыту әрбір басшы мен жұмыскердің жауапкершілік аймағы болып табылады.

Біздің сервистік компаниямыз, «Samruk Business Academy»5 жеке меншік мекемесі, жұмыскерлерді оқыту, бағалау және дамыту, Қор компаниялары тобының мамандарын қайта даярлау және біліктілігін арттыру саласында қызмет көрсететін, бізге дамудың стратегиялық мақсаттарына сәйкес корпоративтік мәдениетті қалыптастыруға көмек көрсетеді. Есепті жылы мынадай маңызды іс-шаралар өткізілді:

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ «Өндірістік қауіпсіздік саласындағы көшбасшылық. Жаңа сын-қатерлер мен тәсілдер»  VII жыл сайынғы форумы» (75 қатысушы);

  • «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ 100 жас тұлғалар бағдарламасы аясында үш жылдық модульдік оқыту аяқталды;
  • көшбасшылық бағдарламалар: «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ менеджменті және кадр резерві не арналған 2 Модуль «Мансап. Б пулы» (14 қатысушы);
  • Қорға арналған «Гендерлік теңдік» бағдарламасы (140 қатысушы қатысып, 71 жобаны аяқтайды);
  • «ҚазТрансОйл» АҚ үшін «Өзгерістер агенттерінің жария коммуникация құралдары» жастар форумы (50 қатысушы);
  • 2022 жылғы қазаннан 2023 жылғы мамырға дейінгі оқу кезеңіне есептелген «Middle Management» бағдарламасының 1 және 2 оқыту модульдері өткізілді;
  • Мақсатты аудиториясы Қордың және портфельдік компаниялардың 35 жасқа дейінгі жас мамандары болатын жас көшбасшыларды дамыту жөніндегі бағдарламаның бірінші және екінші кезеңдері.
5SBA 2022 жылы «Бірыңғай персоналды дамыту орталығының» негізінде 2004 жылы құрылған «Самұрық-Қазына» корпоративтік университеті» жеке мекемесі болып өзгертілді.

Жыл сайын біз жалпыға ортақ еңбек туралы идеяны ілгерілетуге және өндірістік мамандықтарды дәріптеуге бағытталған «Үздік маман» байқауын өткіземіз.

Дамудың одан арғы бағыттары

Жаңа оқу бағдарламаларын іске қосу (HR, PR, IR мектептері және т. б.).

  • FMD Global/Global CCU халықаралық аккредиттеу.
  • SBA LMS жүйесін енгізу (білім мен тәжірибені таратудың автоматтандырылған жүйесі).
  • Сараптамалық және әдіснамалық қолдаумен қолданбалы біліктілік орталығын құру.
  • «Мұнай-газ өнеркәсібі және мұнай-химия мектебі», «Көлік және коммуникация мектебі», «IT және телекоммуникация мектебі», «Энергетика мектебі», Health&Safety School оқытудың өндірістік бағдарламаларын әзірлеу.