БІЗДІҢ АДАМДАР

Біздің адамдарға қамқорлық

Тиімді жұмыс істеу, жоғары білікті кадрларды тарту және ұстап қалу үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында Қордың және портфельдік компаниялардың барлық штаттық жұмыскерлері үшін әлеуметтік қолдау көрсетіледі4. Біз жұмыскерлерге әртүрлі әлеуметтік төлемдер мен өтемақыларды қамтитын кепілдендірілген әлеуметтік пакетті ұсынамыз:

4Жеңілдіктер пакеті ұйымға байланысты өзгеруі мүмкін.

еңбек демалысына сауықтыруға материалдық көмек;

  • жүктілікке және босануға байланысты төлемдер;
  • 1,5 жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша демалыстағы жұмыскерлерге ай сайынғы төлемдер;
  • тұрғын үй мәселелерін шешуге көмек көрсету;
  • еңбек ету қабілетінен жалпы айырылуына, мүгедектік алуына байланысты басқа жұмысқа ауыстыру мүмкін болмаған жағдайда еңбек шарты бұзылған кезде өтемақы;
  • жерлеуді ұйымдастыруға жұмыскердің қайтыс болуына байланысты біржолғы төлем, өндірістегі жазатайым оқиға салдарынан қаза тапқан жұмыскердің отбасына біржолғы төлем.  GRI 401-2

Біз ана/әке болумен байланысты барлық қажетті демалыс шарттарын ұсынамыз. 2022 жылы 9 274 адам (2021 жылы 9 513) декреттік және бала күтімі бойынша демалыс алды (оның ішінде ерлер саны 5,4 %). Декреттік демалыстан оралған әйелдердің көрсеткіші 42 %-ы және 41 %-ы (сәйкесінше 2021 жылы 56 % және 38 %). GRI 401-3

Сондай-ақ Қор ауруға шалдыққан жағдайда ерікті медициналық сақтандыруға әлеуметтік кепілдіктер береді, салауатты өмір салтын насихаттау үшін фитнес-клубқа бару абонементтерін сатып алуға бөліп төлеу ұсынылады. GRI 401-2

Сонымен қатар, жұмыскерлерге тарихи қалыптасқан әлеуметтік қолдау түрлері ұсынылады. GRI 401-2  Әлеуметтік көмектің бұл түрлері ұжымдық шарттарда бекітілген немесе жеке кәсіпорынның ішкі нормативтік құжаттарында көзделген. Мұндай төлемдерге мыналар жатады:

мерейтойлық жасқа жетуіне байланысты төлемдер;

  • некеге байланысты;
  • некеге тұру кезінде қысқа мерзімді демалыс;
  • баланың туылуына байланысты;
  • туыстарының қайтыс болуына байланысты-жалақының сақталуына байланысты;
  • емдеу шығындары сақтандыру бағдарламасында белгіленген лимиттен асқан жағдайда емделуге және медициналық операцияларды төлеуге;
  • мүгедек жұмыскерлерге;
  • жұмыскердің мүгедек балалары
  • және басқалары.

Бұл жәрдемақылар дағдарыс кезеңіне қарамастан өзгерген жоқ.

Ұлттық заңнамаға сәйкес азаматтардың зейнетақы жинақтары Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында болады. Зейнетақы жинақтары: мемлекет кепілдік берген ең төменгі зейнетақы мөлшерлемесінен; жеке зейнетақы жинақтарынан (ай сайынғы жарна – жалақының 10 %) және қосымша өңірлік үстемеақылардан тұрады. GRI 201-3

Біздің жұмыскерлеріміздің ең төменгі орташа айлық жалақысының (сыйлықақыларды, қосымша ақылар мен үстемеақыларды ескере отырып) қызмет аймағына байланысты 2022 жылға арналған ұлттық заңнамада белгіленген ең төменгі жалақыға қатынасы мынадай шектерде:

өндірістік персонал үшін (ерлер) 1,2:1-ден 2,7:1-ге дейін;

  • өндірістік персонал үшін (әйелдер) 1,2:1-ден 2,4:1-ге дейін;
  • әкімшілік-басқару персоналы үшін (ерлер) 2,4:1-ден 5,5:1-ге дейін;
  • әкімшілік-басқару персоналы үшін (әйелдер) 2,4:1-ден 4,5: 1-ге дейін.

Бұл коэффициенттің ең жоғары мәні Маңғыстау және Атырау облыстарына тиесілі.

2022 жылы Қор тобының 243 мың жұмыскерінің жалақысы төмен лауазымдарға баса назар аудара отырып, 5-48 %-ға өсті.

Ұйымның қызметіндегі елеулі өзгерістерге қатысты хабарламаның ең аз кезеңі – егер еңбек, ұжымдық шарттарда хабарламаның неғұрлым ұзақ мерзімі көзделмесе, күнтізбелік 15 күннен кешіктірмей. GRI 402-1