Қоршаған орта

Энергия тиімділігін басқару

Төмен көміртекті даму саласындағы мақсаттарымызға қол жеткізудегі негізгі бағыттардың бірі отын-энергетикалық ресурстарды барынша ұтымды пайдалану. Осыған байланысты біз барлық портфельдік компанияларда энергия тиімділігін арттыруға және энергия мен ресурс үнемдеуге көп көңіл бөлеміз. Қорда 2027 жылға дейін Қор тобының энергия және ресурс үнемдеу және энергетикалық тиімділікті арттыру саласындағы мақсаттары мен міндеттерін айқындайтын, сондай-ақ энергия үнемдеу және энергетикалық тиімділікті арттыру жөніндегі іс-шараларды іске асырудың басым бағыттары мен қағидаттарын белгілейтін Энергия және ресурс үнемдеу бағдарламасы қабылданды.

Есепті жылы Қор ішіндегі энергияның жалпы шығыны 594,1 млн ГДж9 құрады, 2021 жылмен салыстырғанда 0,08 % шамалы өсім байқалады. 2018–2022 жылдар кезеңінде энергетикалық ресурстарды тұтыну деңгейінің 6,9 %-ға өсуі байқалды, бұл «Самұрық-Энерго» АҚ көмір ГРЭС-на электр энергиясын өндірудің ұлғаюына, «Karabatan Utility Solutions» ЖШС Қарабатан газ турбиналық электр станциясының іске қосылуына, өз қажеттіліктері мен технологиялық шығындарға газ тұтынудың өсуіне байланысты, нәтижесінде көмір мен табиғи газды тұтыну ұлғайды.

9Бұл көрсеткіш газдың технологиялық ысыраптарын қамтымайды.

18 млн тоннадан асатын «Богатырь» разрезіндегі көмір құрайды. Есепті жылы электр энергиясы мен жылу өндіру секторының меншікті энергия тұтынуы – 9,5 ГДж/мың кВт*сағ құрады. GRI 302-3

Мұнай мен газды өңдеу секторы Қордың энергетикалық ресурстарын жалпы тұтынудың 12 %-ын (2022 жылы 68,6 млн ГДж) құрайды. Сектордың меншікті энергия тұтынуы – 3,8 ГДж/тонна өңделген мұнай (газ). Мұнай мен газды барлау және өндіру секторы Қордың энергетикалық ресурстарын жалпы тұтынудан шамамен 10 %-ын (2022 жылы 58,2 млн ГДж), газ мұнайын тасымалдау секторы – 8 %-ын (2022 жылы 49,5 млн ГДж) тұтынады. Мұнай мен газды барлау және өндіру секторында меншікті энергия тұтыну өндірілген КСШ-ның 2,8 ГДЖ/тоннасын, газ мұнайын тасымалдау секторында-тасымалданған мұнайдың (газдың) 0,7 ГДЖ/тоннасын құрады. GRI 302-3

Темір жол тасымалы секторының үлесі Қордың энергия ресурстарын жалпы тұтынуынан 7 %-ын (2022 жылы 40,9 млн ГДж) құрайды. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ балансында 16 мың шақырымнан астам темір жол және 1,7 мыңға жуық локомотив бар. Поездардың тартылуына сыртқы көздерден электр энергиясы (2022 жылы 29 % – 11,8 млн ГДж) және дизель отыны (2022 жылы 64 % – 26,4 млн ГДж) жұмсалады, бұл сектордың жалпы тұтынуының шамамен 93 %-ын құрайды. Қалған секторлардың үлесіне энергия ресурстарын жалпы тұтынудың 7 %-ы тиесілі.

2022 жылы жаңартылатын көздерден энергия тұтыну – 96 мың ГДж-ны құрады, оның ішінде 43 мың ГДж сатылып алынады, 53 мың ГДж – меншікті өндіріс. GRI 302-1

Энергия және ресурс үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында 2022 жылы энергия үнемдеудің жиынтық көлемі – 16,5 млн ГДж-ны құрады. Электр энергиясы мен жылу өндіру секторы отын-энергетикалық ресурстарды тұтынуды азайтуға бағытталған 58 іс-шараны орындады, бұл 14,2 млн ГДж отынды үнемдеуге мүмкіндік берді. Сектордың электр энергиясын тұтынуы 2022 жылдың қорытындысы бойынша өткен жылға қарағанда 2 %-ға төмендеді, сондай-ақ өткен жылға қарағанда жылу энергиясын тұтыну айтарлықтай төмендеді (7 %-ға). GRI 302-4

Мұнай мен газды өңдеу, барлау және өндіру және тасымалдау секторларында ағымдағы жылы төмен көміртекті даму жоспары бойынша 49-дан астам іс-шара орындалды, отын-энергетикалық ресурстардың жылдық есептік үнемделуі 2,1 млн ГДж-ны құрады.

Дамудың одан арғы бағыттары:

2027 жылға дейін энергия үнемдеу саласындағы біздің негізгі міндеттеріміз:

Қордың бес ірі компаниясы өнімінің энергия сыйымдылығын 2027 жылға қарай (базалық 2021 жылдан бастап) 10 %-ға төмендету, бұл Қазақстан Республикасының жалпы ішкі өнімінің энергия сыйымдылығын төмендету жөніндегі міндеттерді шешуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді;

  • технологиялық процестерді тиімді басқару және инновациялық технологиялар мен жабдықтарды қолдану негізінде өндірістік процестердің энергетикалық тиімділігін үнемі арттыру;
  • Бағдарламаның нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін оңтайлы ұйымдастырушылық және экономикалық жағдайлар жасау;
  • отын-энергетика және су ресурстарын тиімді пайдалану және тұтынуды азайту;
  • энергия менеджменті жүйесінің энергия тиімділігі көрсеткіштері жүйесін енгізу.

Электр энергиясы мен жылу өндіру секторында көмір генерациясының жаңа объектілерін салу және жұмыс істеп тұрған станцияларды жаңғырту жаңа станциялардың негізгі және қосалқы жабдықтары шартты отынның үлестік шығыстарын төмендету мақсатында жаңа энергия тиімді технологияларды қолдануды ескере отырып белгіленеді, бұл кейіннен парниктік газдар шығарындыларының төмендеуіне әсер етеді деп болжайды.

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның 2022–2060 жылдарға арналған энергетикалық көшу бағдарламасын іске асыру шеңберінде сектор генерация құрылымындағы жаңартылатын энергия көздерінің үлесін ұлғайту бойынша жұмыс жүргізуде. Бағдарламаның мақсаты – 2060 жылға қарай «Самұрық-Энерго» АҚ нетто көміртегі әсерін төмендету.

Көміртегі әсерін азайту және электр энергиясына өсіп келе жатқан сұранысты қамтамасыз ету бойынша нысаналы көрсеткішке қол жеткізу үшін жиынтық қуаты шамамен 6 000 МВт ЖЭС және СЭС бірқатар жаңа жобаларын іске асыру қажет болады. 2060 жылға қарай «Самұрық-Энерго» АҚ шамамен 200 МВт күн генерациясын, сондай-ақ қуаты 20 МВт ГеоТЭС пилоттық жобасын салуды жоспарлап отыр. «Самұрық-Энерго» АҚ сонымен қатар әмбебап қайталама энергия тасымалдаушы ретінде көміртегі әсерін азайту үшін сутегі энергетикасын дамыту перспективаларын зерттеуді жоспарлауда.

Мұнай мен газды өңдеу, барлау және өндіру және тасымалдау секторларында 2022–2031 жылдарға арналған төмен көміртекті даму бағдарламасы әзірленді, оның шеңберінде энергия үнемдеу саласында мынадай мақсаттар қойылды:

энергоменеджменттің автоматтандырылған жүйесін өндірістік процеспен үйлестіру;

  • рационализаторлық ұсыныстар енгізу үшін «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ жұмыскерлерін ынталандыру құралдарымен энергия тиімділігін арттыру саясатын енгізу;
  • энергия тұтыну және ресурс үнемдеу саласындағы нормативтік-техникалық базаны оңтайландыру.

2022–2031 жылдарға арналған төмен көміртекті даму бағдарламасы аясында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ ЖЭК-ті пайдалануды дамытуды жоспарлап отыр.