БІЗДІҢ АДАМДАР

Барлығына теңдік

Біз жұмыс орнындағы қысымның немесе кемсітушіліктің кез келген түрін жою арқылы барлық жұмыскерлер үшін тең еңбек жағдайларын, сондай-ақ жалдау мен мансаптық өсудің әділ және ашық процестерін қамтамасыз етеміз. Қорға және портфельдік компанияларға жұмыскерлерді іріктеу және жалдау рәсімдерінің ашықтығын арттыру үшін 2019 жылдан бастап Қор тобының 493 компаниясын біріктіретін Samruk Qyzmet (QSamruk.kz) бірыңғай онлайн рекрутинг платформасы жұмыс істейді. 2022 жылдан бастап барлық жұмыс орындары @samrukazynaofficial tg-арнасында ашық түрде жарияланады.

Бірыңғай рекрутингтік порталдағы ізденушілер саны 2022 жылы 60 %-ға (84 486-дан 136 489 ізденушіге дейін) ұлғайды, бұл Қор компанияларында жұмыс істеуге деген жоғары қызығушылықты көрсетеді. Барлық кезеңде (2019 жылдан бастап) 27 600-ден астам бос жұмыс орны жарияланды (2022 жылы – 17 354). Сыртқы кандидаттар qsamruk.kz арқылы жабылған бос жұмыс орындарының саны 2022 жылы – 7 221 (2021 жылы 1 794).

Біз барлық адамдар үшін теңдік және мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау саясатын ұстанамыз, 2022 жылы Қор 2 860 мүмкіндігі шектеулі жандарға жұмыс беруші болып табылады, оның ішінде басым бөлігі Маңғыстау облысында тұрады (482 адам). Қорда гендерлік шектеулер жоқ, мысалы, 2021 жылмен салыстырғанда 2022 жылы декреттік және бала күтімі бойынша демалысқа шыққан ерлер санының 16,7 %-ға өсуі байқалды (толығырақ 9-қосымшада).

Бізде гендерлік айырмашылықтарына байланысты базалық жалақыда және сыйақы төлеу жүйесінде айырмашылықтар GRI 405-2, сондай-ақ гендерлік, жас, ұлттық, діни немесе өзге де белгілер бойынша жұмыскерлерді кемсіту жоқ. GRI 2-24, GRI 406-1

Қор қазақстандық персоналды басшылық лауазымдарға ілгерілетуге жәрдемдеседі, сондықтан әкімшілік-басқару персоналы қатарынан 10 шетелдік жұмыскерді қазақстандық азаматтар алмастырды. Директорлар кеңесі мен бақылау кеңестеріндегі шетелдіктердің саны да 23-тен 14-ке дейін қысқарды (40 %).GRI  202-2 Қор президенттік жастар таланттар резервінің мүшелерін басшылық позицияларға тартады. Қордың бес басқарушы директорының үшеуі – Президенттік жастар кадрлық резервінің жас түлектері.

Басшы құрамға қойылатын талаптар күшейтілді. Енді Қор компанияларының бірінші басшылары, басқарушы директорлары мен бөлімшелерінің басшылары лауазымдарына барлық кандидаттарды серіктестік пен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін комплаенс-офицерлер тексереді. Полиграфиялық тексерулер, сондай-ақ өтірік детекторының сынақтары ретінде белгілі, сыбайлас жемқорлықтың жоғары тәуекелдеріне байланысты лауазымдарға, атап айтқанда сатып алу саласындағы басшылық лауазымдарға әлеуетті үміткерлерді тексеру құралы ретінде пайдаланылады. GRI  205-1 Есепті кезеңде 52 компанияда 133 үміткер осындай тексеруден өтті, бұл ретте 27 адам тест тапсырған жоқ және жұмысқа қабылданбады.