БІЗДІҢ АДАМДАР

Жұмыс орнындағы қауіпсіздік

Өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету және «нөлдік жарақатқа» ұмтылу біздің стратегиямыздың ажырамас бөлігі болып табылады. Біздің қызметіміздің ерекшелігіне байланысты Қор тобына кіретін өндірістік объектілерде жұмыс істеу адамдар үшін ықтимал қауіпті болуы мүмкін және еңбекке қабілеттілігін жоғалтуға немесе активтерін жоғалтуға, өндіріс тиімділігінің төмендеуіне, қаржылық шығындарға себеп болуы мүмкін, бұл қордың беделіне теріс әсер етуі мүмкін. Осыған байланысты 2022 жыл Қор компаниялары тобында «еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жылы» болып жарияланды.

Стратегиялық мақсатымызға қол жеткізу үшін біз Қор тобының барлық жұмыскерлеріне таралатын «Денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігі саласындағы менеджмент жүйесі» ISO 45001 халықаралық стандартына сәйкес өндірістік қауіпсіздікті басқарудың тиімді жүйесіне қолдау көрсетуге ерекше назар аударамыз. Осы жүйе шеңберінде біз Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік, өрт қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы ұлттық заңнамасының талаптарын ұстанамыз, сондай-ақ жұмыс орнында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша үздік салалық әлемдік тәжірибелерді енгіземіз. Біз өз қызметімізді Өндірістік қауіпсіздік саясатына, Портфельдік компанияларға, олардың еншілес және тәуелді ұйымдарына, сондай-ақ қызмет көрсетушілерге қолданылатын өндірістік қауіпсіздікті басқарудың корпоративтік стандартына сәйкес жүзеге асырамыз. GRI 403-1, GRI 403-8, GRI 3-3

Бұл ретте компаниялардың өздері денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету менеджменті жүйелерін енгізуді және сертификаттауды қамтамасыз етеді және олардың жоғарыда көрсетілген құжаттардың талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етеді. Жүйелерді жетілдіру өндірістік қауіпсіздіктің тиісті бағыттары бойынша жекелеген рәсімдерді әзірлеу немесе өзектендіру, өндірістік қауіпсіздік жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу және т. б. арқылы үздіксіз негізде жүргізіледі.

Қор тобының топ-менеджменті жұмыс орнындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Ол қауіпсіз мінез-құлықтың драйвері болып табылады және өндірістік қауіпсіздік мәселелеріне адалдық пен қатысуды көрсетеді. 2022 жылы Директорлар кеңесі жұмыскерлердің денсаулығы мен қауіпсіздігін бақылауға көңіл бөле бастады. Өндірістік қауіпсіздік туралы есептер Директорлар кеңесінің отырыстарында қаралды. Елдегі жағдайдың тұрақтануына қарамастан Covid-19-ды жұқтыру жағдайларын бақылау жалғастырылды.

Қорда үш жыл бойы проблемалық мәселелерді талқылау, тәжірибе алмасу, сондай-ақ өндірістік қауіпсіздік саласындағы стратегиялық бастамалар мен идеяларды қарау бойынша диалог алаңы – Қор Басқармасы жанындағы Еңбекті қорғау, өндірістік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау комитеті табысты жұмыс істейді. Аталған Комитеттің құрамына 13 ірі портфельдік компаниялардың СЕО-1 деңгейінің жауапты өкілдері кіреді. Комитеттің негізгі мақсаты – Қор Басқармасына және Директорлар кеңестеріндегі Қор өкілдеріне ұсыныстар әзірлеу, өндірістік қауіпсіздік саласындағы корпоративтік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі портфельдік компаниялардың іс-шараларының орындалу барысын үйлестіру мен бақылауды қамтамасыз ету болып табылады. GRI 403-4, GRI 2-24

2022 жылы Еңбекті қорғау, өндірістік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау комитетінің 5 отырысы өткізілді. Жұмыс келесі бағыттарға бағытталды:

  • өндірістік қауіпсіздік саласындағы қызметтің барысы мен нәтижелерінің мониторингі;
  •  жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру нәтижелерін және қабылданған іс-шараларды қарау;
  • өндірістік қауіпсіздік саласында жаңа нормативтік құжаттар мен процестерді (оның ішінде цифрландыру жөніндегі бірқатар шешімдерді) әзірлеу және қолданыстағы нормативтік құжаттарды жетілдіру.

Ірі портфельдік компанияларда өндірістік қауіпсіздік қызметтері құрылды. Біз әрбір портфельдік компанияда бірінші басшыға өндірістік қауіпсіздік жөніндегі функцияның тікелей әкімшілік есептілігін енгіземіз. Мәселен, «QazaqGaz» ҰК» АҚ-та 2022 жылы өндірістік қауіпсіздік жөніндегі функция өндірістік блоктан бөлініп Компанияның Басқарма төрағасының қарамағындағы дербес қызмет қалыптастырылды. Қор тобы бойынша орта есеппен 1 өндірістік қауіпсіздік жұмыскеріне 134 жұмыскер келеді. GRI 403-3

Біз жұмыс орындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуде тәуекелге бағытталған тәсілді қолданамыз. Есепті жыл ішінде тұрақты негізде басқарудың әртүрлі деңгейлерінде жұмыс орындарының жай-күйіне аудиттер жүргізілді. Өндірістік қауіпсіздік саласындағы талаптарға сәйкестікке жүргізілген ішкі аудиттердің саны 2022 жылы 25 641 аудитке жетті (2021 жылы 19 073 аудит). Бұл ретте анықталған 126 мың сәйкессіздіктің 121 мыңы жойылды. Қалған бұзушылықтар бойынша жоюдың ұзағырақ мерзімдері белгіленді. GRI 403-2

Компаниялар тобында өндірісте жазатайым оқиғалар мен аварияларсыз жұмыс істеу жұмыскерлердің мақсатты әрекеттеріне ғана емес, сонымен қатар мердігер ұйымдардың жұмыскерлеріне де байланысты. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі корпоративтік ережелер мен ережелерді мүлтіксіз сақтау бойынша мердігер ұйымдарға қойылатын талаптар Қордың өндірістік қауіпсіздігі саласындағы тиімді басқару жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Мердігер ұйымдардың жұмыскерлеріне оның ішінде олардың біліктілігі мен құзыретіне қойылатын талаптар біздің жұмыскерлерге қойылатынмен бірдей. Бұл талаптар лайықты ұйымдармен жасалған шарттардың бөлігі болып табылады. Олардың сақталуын Қор мен портфельдік компаниялар көшпелі аудит барысында, нақты бағалау бойынша, мердігерлік ұйымдардың өндірістік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне бағалайды.

Жергілікті жерлерде жұмыскерлерге 178 кәсіподақ ұйымдары тарапынан үлкен қолдау көрсетіледі. Жұмыс орындарында жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында кәсіподақтармен бірлесіп еңбек жағдайларын жақсарту, өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың алдын алу, ішкі және қоғамдық бақылауды ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар көзделеді. GRI 403-7, GRI 403-10

Біз жыл сайын жазатайым оқиғалардың алдын алу, жұмыскерлер үшін санитарлық-тұрмыстық еңбек жағдайларын жақсарту, жұмыскерлерді сауықтыру, жеке қорғаныс құралдарын сатып алу, арнайы киімдерді химиялық тазалау және жуу, еңбекті қорғау мәселелерін оқыту және насихаттау жөніндегі іс-шараларды қаржыландыруды қамтамасыз етеміз. 2022 жылы осы мақсаттарға 126 млрд теңге жұмсалды (2021 жылы 99,8 млрд теңге).

Портфельдік компанияларды өндірістік қауіпсіздіктің жағдайын жақсартуға ынталандыру мақсатында 2022 жылдың нәтижелері бойынша алғаш рет өндірістік қауіпсіздік саласындағы нәтижелерге қол жеткізгені үшін Қордың Басқарма Төрағасының жыл сайынғы номинациясын беру практикасы енгізілді. Осылайша, жүргізілген бағалау нәтижелері бойынша бірінші орынға номинант болып «Қазақтелеком» АҚ анықталды, ол Қордың Басқарма Төрағасының Құрмет грамотасымен марапатталды. GRI 403-7

2022 жылдың негізгі нәтижелері

Біздің портфельдік компанияларымызбен бірлесіп, біз өндірістік қауіпсіздікті басқару жүйесін жетілдіруге және келесі бағыттар бойынша жарақаттану деңгейін төмендетуге бағытталған жүйелі жұмыс жүргіздік:

1)   Басшылардың көшбасшылығы мен адалдығын арттыру. «Қазақтелеком» АҚ, «KEGOC» АҚ, «QazaqGaz «ҰК» АҚ, «Samruk-Kazyna Ondeu» ЖШС-да Қорға ұқсас, алғаш рет өндірістік қауіпсіздік бойынша мамандандырылған Форумдар өткізілді. Аталған іс-шараларда бірінші басшылар, еншілес және тәуелді ұйымдар мен құрылымдық бөлімшелердің басшылары өндірістік қауіпсіздік бойынша міндеттемелер қабылдады.

      Бұдан басқа, СЕО-1 деңгейінің басшылары өндірістік алаңдарды 2 айда кемінде 1 рет көшпелі тексеруді жүзеге асыруы тиіс. СЕО-1 деңгейіндегі компаниялардың басшылары есепті жылы барлығы 43 тексеру жүргізді.

2)   Қауіпсіздік мәдениетінің деңгейін арттыру, хабардарлықты өзгерту және жұмыскерлерді өндірістік қауіпсіздік мәселелеріне тарту. 2022 жылы қауіпті жағдайларды, қауіпті әрекеттерді, ықтимал қауіпті оқиғаларды (Near Miss) тіркеу, Қауіпсіз мінез-құлық бақылауларын жүргізу, әрбір жұмыскердің қауіпті жұмыс түрлерін тоқтата тұру құқығын іске асыру сияқты жарақаттанудың алдын алудың белсенді құралдары белсенді енгізілді. 2022 жылы 136 360 мінез-құлық қауіпсіздік бақылаулары жүргізілді, 2 040 қауіпсіз орындалатын жұмыс түрлері тоқтатылды (2021 жылы 1 797), бұл қауіпсіз еңбек мәдениетінің өсіп келе жатқан деңгейін көрсетеді. GRI 403-2

3)   Қор тобының ішінде де, өнеркәсіп салаларының озық компанияларымен де тәжірибе алмасу. Өндірістік қауіпсіздік қызметтерінің басшылары мен жұмыскерлері «Теңізшевройл», «(NCOC) Норт Каспиан Оперейтинг Компани», «(KPO B. V.) Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» сияқты ірі ұйымдарда болып, олардың жұмыс істеу тәсілдерімен танысты.

      «Қазпошта» АҚ жұмыскерлері көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тәжірибе алмасу аясында «Сауда-көлік компаниясы» ЖШС-да барды, «Самұрық-Энерго» АҚ АлЭС жұмыскерлері жауап сапарымен ГРЭС-1 барып, СҚЗ-U ЖШС-ның энергокешенінде және СҚЗ-U ЖШС-дағы электр қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібімен танысты.

4)   Жұмыскерлердің құзыреттерін дамыту. 2022 жылы ҚР Еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі саласындағы заңнамасының талаптары шеңберінде жұмыскерлердің 210 406 немесе 81 %-ы , жұмыскерлердің 62 114 немесе 24 %-ы ҚР заңнамасынан тыс курстарда білім алды.

      Оның ішінде NEBOSH курстарында 244 жұмыскер, IOSH курстарында 817 жұмыскер, «қауіпсіз жүргізу» (defensive driving) курстарында 3 069 жұмыскер оқытылды.

      Сонымен қатар, біз Ұлыбританияның қауіпсіздік және денсаулық сақтау институтының мақұлдауына ие болған және аталған курс бойынша өндірістік персоналдың 100 %-ын оқыту жоспарлап отырған «Еңбек қауіпсіздігі мәдениеті» атты жеке корпоративтік оқу курсын әзірледік.

5)   Процестерді цифрландыру. SAP жүйесінде оқиғалар мен озық көрсеткіштер бойынша есептілік іске қосылды.

6)   ТЖ-ның алдын алу. Қауіпті өндірістік объектілерде шартты аварияларды жою бойынша бірлескен оқу-жаттығулар өткізу практикасы енгізілді. Мәселен, Маңғыстау мұнай құбыры басқармасының «Ақтау» МҰТП базасында «Резервуарлық парктегі өрт» тақырыбында дағдарыстық жағдайларды басқару командасының оқу-жаттығуы өткізілді.

7)   Тоғыспалы аудитті жүргізу. Қор компания сарапшыларымен бірлесіп Қордың 18 ұйымында аудит жүргізді, олардың барысында жазатайым оқиғаларға ықтимал алғышарттар болып табылатын 600-ден астам сәйкессіздіктер анықталды. GRI 403-2

Қызметтің қорытындысы 2021 жылмен салыстырғанда (133-тен 111 адамға дейін) өндірістегі жазатайым оқиғалардың салдарынан зардап шеккендердің жалпы санының 16 %-ға төмендеуі болды. Өндірістік жарақаттануды бағалауға Қор тобының барлық жұмыскерлері енгізілді. GRI 403-9

LTIFR коэффициенті 0,16 құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 27 %-ға төмен.

Қордың өндірістік қызметіне байланысты ауыр жарақаттардың коэффициенті 2022 жылдан бастап есептеле бастады және 0,15-ті құрады.

Өкінішке орай, 2022 жылы өліммен аяқталған 12 жазатайым оқиға болды (2021 жылы 14 жағдай): «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ – 5, «Самұрық-Энерго» АҚ – 4, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ – 1, «KEGOC» АҚ – 1, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК – 1. GRI 403-9

Өндірісте болып жатқан оқиғаларды талдау және тергеу және болашақта олардың қайталануын болдырмау үшін шаралар қабылдау маңызды аспект болып табылады. Әрбір жағдай бойынша талдау жүргізіледі, басқа компанияларда олардың қайталануына жол бермеу мақсатында мән-жайларды, себептерді және қабылданған түзету шараларын қысқаша сипаттай отырып, ақпараттық бюллетеньдер жіберіледі. GRI 403-7

Барлық ауыр жарақаттардың 55 %-ы оқиғалардың үш санатына жатады: құлау; сүріну және сырғанау; қозғалатын, ұшатын, айналатын заттардың және ЖКО әсері.

Ауыр жазатайым оқиғалардың көпшілігі 36 мен 50 жас аралығындағы зардап шеккендермен болды. Зардап шеккендердің үштен біріне жуығы 11 жылдан 20 жылға дейін жұмыс өтілі болған. Бұл уақыт өте келе үлкен тәжірибесі бар жұмыскерлердің өзіне деген сенімділік сезімі және жұмысты орындау кезінде жинақылықтың жоқтығын көрсетеді. Осыған байланысты біздің 2023 жылға арналған іс-шараларымыз осы мәселені шешуге бағытталатын болады.